Ғылымға жаңа серпін
Дата: 14.07.2026 Рубрика: Білім
0
3
0

Қостанайда ғылым мен өндірісті жақындастыратын маңызды жоба жүзеге асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы өңірде тұңғыш Өңірлік форсайт орталығын ашты. Жаңа орталық А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің смарт-орталығында жұмысын бастады.
Бұл орталықтың басты мақсаты – ғалымдардың жаңалықтары мен ғылыми зерттеулерін өндіріс орындарының нақты қажеттіліктеріне бағыттау. Яғни, ғылым тек зертхана қабырғасында қалып қоймай, зауыттар мен кәсіпорындардың жұмысын жақсартуға, жаңа технологияларды енгізуге қызмет етеді.
Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Елена Шевченко ғылым мен бизнестің бірлесіп жұмыс істеуінің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, енді ғылыми жобалардың тақырыптары тек орталықтан белгіленбейді. Керісінше, өңірдегі ғалымдар, кәсіпкерлер және өндіріс өкілдері бірігіп, өздеріне қажет ғылыми бағыттарды ұсына алады.
– Өңірлер – еліміздің дамуының негізгі тірегі. Сондықтан ғылым нақты өндірістің сұранысына жауап беруі тиіс. Осы бағытта еліміздің әр аймағында жаңа мүмкіндіктер жасалып жатыр, – деді ол.
Жиында Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Назарбек Қоңқабаев өңірде ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты. Бүгінде облыста ғылымның бес басым бағыты айқындалған. Олар ауыл шаруашылығын дамыту; табиғи ресурстарды тиімді пайдалану; минералды шикізатты қайта өңдеу; машина жасау саласына заманауи технологияларды енгізу; ақпараттық технологиялар мен өндірісті цифрландыру. Қазіргі таңда Қостанай облысындағы жоғары оқу орындары кәсіпорындармен бірлесіп жалпы құны 5,5 миллиард теңгеден асатын сегіз ғылыми жобаны жүзеге асыруда.
Форсайт-сессия барысында ғалымдар мен өндіріс мамандары ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, цифрлық технологиялар және инновациялық өнімдер туралы өз жобаларын таныстырды. Сонымен қатар өсімдік негізіндегі құрғақ сүт алмастырғышын жасау, ақылды егіншілік технологияларын енгізу және өндірісті қауіпсіз жүргізу бағытындағы жаңа ғылыми әзірлемелер талқыланды.
Осындай ғылыми орталықтардың ашылуы оқушылар мен студенттердің ғылымға қызығушылығын арттырып, болашақта жаңа өнертабыстар жасауға жол ашады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертеңгі инженер, агроном, бағдарламашы немесе ғалым болуы мүмкін. Сондықтан білімге ұмтылып, зерттеуге қызығу – елдің жарқын болашағына қосылған үлкен үлес.
Айзере Қыдырбек

Комментарии