Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тарихи мұраны қорғауға бағытталған акция

Дата: 04.08.2026 Рубрика: Білім
1
0
Тарихи мұраны қорғауға бағытталған акция
Қостанай қаласында түрлі ескерткіштер жетерлік. Ал оларды вандализмнен сақтау баршамыздың парызымыз.
Облыстық тарихи-­мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы «Вандализмге жол жоқ» атты акция ұйымдастырды. Олар «Тың игерушілер» монументі аумағында болып, тұрғындармен кездесті. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтті. Орталық мамандары облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, монумент аумағын тазарту жұмыстарын жүргізді. Олар ескерткіштің эстетикалық келбетіне нұқсан келтірген түрлі жазулар мен ластануларды арнайы құралдардың көмегімен тазалап, абаттандыру жұмыстарын атқарды.
Аталған тұжырымдама қоғамда заң үстемдігін нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін күшейту және тарихи-­мәдени мұраға ұқыпты қарау мәдениетін орнықтыру – акцияның негізгі міндеттерінің бірі болды.
Акция барысында орталық басшысы Бекболат Уәлиев сөз сөйлеп, тарихи­мәдени мұраны сақтау – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
«Тарихи ескерткіштер мен киелі орындар – халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын баға жетпес мұра. Олар ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және рухани құндылықтарымызды келер ұрпаққа жеткізетін маңызды нысандар. Сондықтан әрбір азамат мұндай орындарға құрметпен қарап, оларды қорғауға өз үлесін қосуы тиіс. Вандализм – тек заң бұзушылық қана емес, ол өткен тарихқа, ұлттық құндылықтарға деген құрметсіздік», – деді орталық басшысы.
Акция барысында қала тұрғындары мен жастарға тарихи-­мәдени мұра объектілерін қорғаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар мемлекет қорғауындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріне, киелі орындар мен табиғи нысандарға жазу жазуға, сурет салуға немесе олардың сыртқы келбетін бүлдіретін өзге де әрекеттер жасауға жол берілмейтінін айтып, арнайы ақпараттық жадынамалар таратты.
Сонымен қатар қатысушыларға мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген заң талаптары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабын және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 448-бабында кәмелетке толмағандардың жасаған вандализм әрекеттері үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Акцияға қатысқан еріктілер мұндай шаралар тарихи мұраны сақтауға ғана емес, жастардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға да ықпал ететінін айтты. Олардың пікірінше, тарихи орындарды күтіп ұстау – туған өлкенің өткені мен болашағына деген құрметтің белгісі. Мұндай акция алдағы уақытта да жалғасын тауып, Қостанай облысындағы өзге де тарихи-­мәдени мұра нысандарында өткізілетін болады.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!