Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ерекше стартап жоба жүзеге асырылуда

Дата: 19.05.2026 Рубрика: Білім
6
0
Ерекше стартап жоба жүзеге асырылуда
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық құндылықтарды ғылыммен байланыстыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл бағытта еліміздің түкпір-­түкпірінде ашылған Келешек мектептері ерекше белсенді.
Мәселен, Қостанай қаласындағы №32 Келешек мектебінде «Асық ату ойынындағы параболалық қозғалысты математикалық модельдеу» атты стартап жоба қолға алынды. Аталған зерттеу жұмысы ұлттық ойын мен заманауи ғылымды ұштастырады. Жобаның негізгі мақсаты – асықтың ұшу траекториясын математикалық тұрғыдан талдау арқылы оның қозғалыс заңдылықтарын түсіндіру және нақты есептеулер негізінде тиімді ату әдістерін анықтау. Жоба Келешек мектептерінде пәнаралық білім берудегі жаңашыл бағытты айқын көрсетеді.
Автор – 8 сынып оқушысы Саяжан Ермағанбетова. Дарынды оқушыға математика пәнінің мұғалімі Қуанышбай Қарсақбай мен асық үйірмесінің жетекшісі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Асылхан Шарипов жетекшілік етуде.
Зерттеу барысында асықтың қозғалысы параболалық траектория ретінде қарастырылып, бастапқы жылдамдық, лақтыру бұрышы және ауырлық күші сияқты физикалық шамалардың әсері тәжірибе арқылы зерттелді. Оқушылар бақылау жұмыстарын жүргізіп, алынған нәтижелерді математикалық формулалар мен графиктер арқылы талдады. Нәтижесінде асықты дәл атуға ең тиімді бұрыш пен қашықтық анықталып, математикалық модель жасалды.
Осындай ізденістер арқылы мектеп ұжымы бабалар мұрасын ғылыммен сабақтастыра білетін, ертеңгі күні мемлекетіміздің тірегіне айналып, елге адал қызмет ететін білімді ұрпақ даярлауды мақсат тұтады.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!