Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мен мектепке барамын!

Дата: 02.09.2025 Рубрика: Білім
96
0
Мен мектепке барамын!
Жаңа оқу жылы – жас ұрпақ үшін үлкен үміт пен тың серпін кезеңі. Әрбір баланың мектеп табалдырығын алғаш аттауы – ата-ана үшін қуаныш, ал бүлдіршін үшін толқынысқа толы сәт.
Биыл еліміз бойынша мыңдаған оқушы алғаш рет мектеп есігін ашпақ. Тек Қостанай облысының өзінде ғана он мыңға жуық бала бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Бұл – болашағымыздың кепілі болатын жас ұрпақтың білім мен ғылымға жасаған алғашқы қадамы.
Биылғы «Білім күні» республика көлемінде «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбымен ұйымдастырылды. Мектептер мерекеге сай безендіріліп, білім ұялары оқушылардың шат күлкісіне толды. Салтанатты жиындарға ата-аналар, ұстаздар және қонақтар қатысып, бүлдіршіндердің қуанышын бірге бөлісті.
Солардың қатарында Әдел Серікова да бар. Ол М.Горький атындағы гимназияның бірінші сынып оқушысы атанды. Әдел үшін бұл күн – өміріндегі жаңа белес, жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Қуанышты сәтте ол қолына алғаш рет оқулық ұстап, жаңа достарымен табысты. Балғын шәкірт болашақта өз білім ордасының мақтанышы, үздік түлегі болуды мақсат етеді. Қуанышты сәтке оның ата-анасы мен әжелері де куә болып, перзентінің жаңа өмір жолына қадам басуын зор мақтанышпен қабылдады.
Мектеп – білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы. Мұнда бала тек сауат ашып қана қоймай, өмірлік құндылықтарды да меңгереді. Ұстаздар оқушыларға білім нәрін берумен қатар, адалдықты, еңбекқорлықты, сыйластықты үйретеді. Жаңа оқу жылын бастаған бүлдіршіндерге ұстаздар бағыт-бағдар көрсетіп, білім әлеміне жол бастайды.
Жаңа оқу жылы – тек балалар үшін ғана емес, ұстаздар қауымы үшін де жауапкершілікке толы кезең. Олар жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етуде. Ал ата-аналар үшін бұл күн – перзенттерінің өсіп, жаңа белеске қадам басқанын көрудегі қуаныш пен мақтаныштың сәті.
Биылғы оқу жылы барлық оқушыларға мол табыс, ұстаздарға қажыр-қайрат, ата-аналарға шаттық әкелсін. Білімге құштар бүлдіршіндеріміздің жолы ашық болып, мерейі әрдайым үстем болғай!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!