Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ғылым – болашаққа ашылған есік

Дата: 02.09.2025 Рубрика: Білім
98
0
Ғылым – болашаққа ашылған есік
Ғылым жолына қызығушылық танытқан жас ізденушілердің қатары күн санап артып келеді. Соның жарқын мысалы – оқушы Ғабизият Айша.
Ол өз зерттеу тақырыбы ретінде ерекше әрі өзекті мәселені – «Балаларда кездесетін тырнақ аурулары» тақырыбын таңдап, оны тереңінен зерттеуге ден қойды.
Ол өзінің ғылыми жұмысын үшке бөліп, оқушы тырнақ ауруларының пайда болу себептеріне назар аударып, осы мәселені зерттеудің өзектілігін ашып көрсетті. Тырнақтың анатомиясын зерделеп, балаларда жиі кездесетін тырнақ ауруларының түрлерін анықтады. Соңында аурудың алдын алу мен емдеу жолдарын қарастырып, пайдалы кеңестерді ұсынды.
Зерттеу барысында Айша тек әдебиеттермен шектеліп қоймай, практикалық тұрғыдан да ізденіс жүргізген. Ол Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушысы Марал Әміровпен кездесіп, ғылыми кеңес алған. Сонымен қатар, «Дәру» дәріханасының фармацевт-дәрігері Әсем Жұматайқызынан және Арқалық аймақтық қалалық емханасының фельдшері Әйгерім Мұратбекқызынан қажетті мәлімет жинай білген. 
Айша зерттеу жұмысын жүргізу барысында сыныптастары арасында сауалнама жүргізіп, олардың тырнақ күтімі мен денсаулығына қатысты деректерді саралады. Ғаламтор көздерінен, ата-анасынан, ғылыми жетекшісінен және медицина мамандарынан алған мәліметтерін жинақтап, балалардың тырнақ аурулары және олардан сақтану жолдары жөнінде толыққанды ғылыми жұмыс әзірледі.
Зерттеу қорытындысында Айша балаларды тырнақ күтіміне мән беруге, аурудан сақтанудың қарапайым әрі тиімді тәсілдерін қолдануға шақырып, өз сыныптастарына, туыстарына және қала тұрғындарына үндеу жасады.
Айшаның бұл еңбегі қалалық ғылыми жоба байқауында жоғары бағаланып, жүлделі ІІ орынға ие болды. «Зерттеуден жалықпаған адам ғана жаңалық ашады» деген ұстаныммен ізденген жас ғалым болашағына нық сеніммен қарап, үлкен мақсаттарға жететініне көз жеткізді.
Жетекшісі Ақбалдақ Кабылдина,
 А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы 
Арқалық қаласы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!