Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлттық рух пен отбасы құндылығын ұлықтаған

Дата: 05.08.2025 Рубрика: Білім
192
0
Ұлттық рух пен отбасы құндылығын ұлықтаған
Қостанай облысында тұңғыш рет «Ұлттық стильдегі отбасылық этно-марафон» өтті.
Отбасы құндылығын дәріптеп, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған бұл ерекше сайыс «AMANAT» партиясының жанындағы әйелдер қанатының бастамасымен, «Балаңа уақыт арна» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Этно-марафонда қатысушылар тоғызқұмалақ, арқан тарту, садақ ату, домбыра тарту, асық ату сияқты ұлттық ойындарға қатысып, өзара сайысты. Сайысқа облыстың әр түкпірінен өнегелі отбасылар келіп, ұлттық тәрбие мен бірлік үлгісін көрсетті.
Алтынсарин ауданынан келген Алпыстар отбасы бірінші орынды жеңіп алды. Бұл әулеттің отағасы Әбдрахман Алпыс пен жұбайы Әйгерім жеті бала тәрбиелеп отыр. Жанкелдин ауданының тумасы Әбдрахман ата-бабамыздан келе жатқан жыраулық дәстүрді дәріптеп жүрген жан.
«Ұрпақ тәрбиелеу – елмен бірге атқарылатын іс. Отбасы – үлкен дүние. Осындай бастамаға мұрындық болғандарға алғысымыз шексіз», – дейді ол.
Жеңімпаз отбасыға «Алтын көмбе» кітабы мен 100 000 теңге көлеміндегі сыйақы табысталды.
Әулиекөл ауданынан келген Есмағамбетовтар отбасы — ұлттық тәрбие мен қоғамдық белсенділікті үйлестіріп жүрген өнегелі жанұя. Отағасы Әсемхан – ұстаз, ал жұбайы аудандық аурухананың тәжірибелі медбикесі. Федоров ауданынан келген Айтбаевтар отбасы ұлттық спортпен белсенді айналысады. 
Іс-шараның ашылу салтанатында «Аmanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов:
«Бұл жобаның арқасында біз ұрпаққа отбасы құндылығын ұғындырып, дәстүрімізді жаңғыртамыз. Нағыз ұлттық рухты бойына сіңірген отбасылардың басын қосу – үлкен жетістік»,– деп атап өтті.
Бұл этно-марафон – ұлттық сана, отбасылық жылылық пен бірліктің көрінісі. Жастарға үлгі болар осындай жобалар ұлт руханиятының өрлеуіне жол ашады. Ең бастысы – берік отбасы болса, болашақ та берік болмақ! 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!