Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлттық тәрбие – құндылық

Дата: 19.05.2020 Рубрика: Білім
1332
0
Ұлттық тәрбие – құндылық
Оқу мен тәрбие егіз, тәрбиелі болса ғана білім алады. Мектеп жасындағы балалардың бір - біріне әлімжет тік көрсетуі, қатігездікке, қылмысқа бой алдыруы қазіргі заманның проблемаларына айналды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін   қорғай алмай ж үргендерді көптеп кездестіреміз. Сондықтан ең бастысы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қ ұқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру маңызды. Әсіресе жасөспірім шақта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу қажет .Осы орайда гимназиядағы ішкі тәртіпті сақтау мақсатында жетекшілік міндетін атқ аратын 11 «Ә» сыныбым дағы оқушыларға арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» атты тәрбие сағаты, «Конфликт жағдайдан қалай шығуға болады?» тақырыбымен тренингтер өткізілді. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін іс. Сондықтан сыныптың ата-аналар жиналысында «Тәрбиелеу мәселесіндегі жанұя рөлі» дәрісі оқылып, талданды. Ата-аналар тәрбие, тәртіп туралы өз ойларын, өмірлік тәжірибелерін ортаға салды. Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға жете түсіндіру мақсатында «Менің құқығым бар ма?» атты дөңгелек үстелге гимназия инспектрі, полиция капитаны Әсем Бейсенова қонаққа шақ ырыл ды. Ке з десу барыс ын д а оқушылар тарапынан «Жастардың теріс қылық жасаушыларының себебі неде?», «Жастар арасында қылмыстың алдын алуда жеткіліксіздік танытып отырған қандай факторлар?» деген секілді көптеген сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Тәрбие баламен сөйлесумен , әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Жасөспірімдерге өзі жүрген ортаның әсері мол екені белгілі. Әсіресе үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн. Сондықтан баланы дұрыс тәрбиелеу- тек әке-шешенің ғана міндеті емес, бұл баршаның ісі. Ол үшін ең алдымен тәртіп пен талап керек. Балаға талап қоя білмесек, ол баланың тәрбиесінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Ең бір тиімді әдісі ол күн тәртібі. Біздің тарапымыздан мектепке уақытында келуі күнделікті бақыланып отырады, сабақты себепсіз қалдымауға дағдыланды, оқушы сабақтан қалған жағдайда оның ата-анасы сабақтан қалу себебі көрсетілген түсініктеме немесе медициналық анықтама әкелуі сонымен қатар, оқушының қай кезде мектепке келетіндігінен хабардар етуі талап етіледі. Сабақтан себепті қалған жағдайда оқушы өтілген тақырыпты өздігінен оқуға міндеттеледі. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жалпы гимназия сыныптары арасында әр тоқсан сайын оң нәтиже көрсетіп отырады. Оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру үшін ағылшын тіліндегі курстарға, ҰБТ-ға дайындайтын пәндік курстарға сабақтан соң оқушылардың 80 пайызы қатысады. Сонымен қатар секциялар мен үйірмелерге, қосымша білім алу мекемелеріне де үздіксіз қатысатын оқушылар да бар. Олар гимназия қоржынына жүлделі алдыңғы орындарды қанжығалап келеді. Жетекшілік ететін 11 «Ә» сыныпта «Тәртіпті бала сүйініш, Төбең бір көкке жетеді. Тәртіпсіз бала күйініш, Төмендеп басың кетеді» айдарымен дөңгелек үстел өтті. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат — өмірдің барлық саласында белсенді еркін тұлға тәрбиелеу. Қорыта келе айтарым, оқушыларымызды мектеп пен жанұя тығыз байланыста болып, қоғамның қойған тәртібінің шегінен шықпайтын ұрпақ тәрбиелейік дегім келеді. 

Гүлбадан ӘМІР С.Мәуленов атындағы гимназиясының мұғалімі Қостанай қаласы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!