АШАМАЙ
Дата: 08.09.2020 Рубрика: Білгіштер
0
1271
0
Ашамайға мінгізу қазақта салтанатты дәстүр болып есептеледі. Ер бала 6-7 жасқа толғанда, атты ерттеп, баланы салт жүріске үйретеді. Ашамай – баланы салт жүріске үйрету үшін арнайы жасалған ер-тоқымның түрі. Ашамайда жай ер-тоқымдағыдай екі жағы (алдыңғы және артқы), екі бүйірі, оқпан бар. Үзеңгінің орнына тепкішекті пайдаланады. Тепкішек – бұл киізден тігілген шағын ғана қоржын. Тепкішек әдемі болуы үшін оның екі жағын матамен қаптап тігеді. Ашамайдың тағы бір құрамдас бөлігі – қолтырмаш. Қолтырмаш – бұл ашамайдың алдыңғы және артқы жағын байланыстыратын жіңішке, тіреуіш таяқ.
Бала атқа отырған күні ауылдың барша халқы жиналады. Аттың жалы мен құйрығына, басынан аяғына дейін жаңа киім киген ер баланының бас киіміне үкінің қауырсынын тіккен. Қазақтар үкіні бағалап: «Үкі – жын-шайтаннан сақтайтын құс», - деп айтқан. Бала ерттейтін атты қолға үйретуге көп көңіл бөлінген. Ол жуас және әдемі ат болуы тиіс. Баланы ер-тоқымға отырғызу құрметі ең үздік шабандоздың еншісіне түскен. Баланы атқа отырғызады, оның аяғын тепкішекке салады, белін жұқа көрпешемен буады да, содан соң денесі ауырмас үшін қолтырмашқа тартып таңады. Осы тұста тойға жиналғандардың ішінен адам шығады да: «Мықтап тарт ашамайдың қолтырмайын, Жас бала жол үстінде болдырмасын» - деген өлең түрінде ескертпе бата айтылады. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың ақсақалдарынан бата сұрайды. Ондайда ауыл ақсақалдары бата береді.
Бата берілген соң, баланың сол қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады. Шашу (әдетте тәтті тағамдар және т.б.) шашылып, тілектер айтылады. Баланы атқа мінгізген жігіт атты ерттеп, ауылды аралатады. Есігінің алдына бала келсе, үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне үкі, шашақ, теңге, моншақ қадайды. Бала шаршады-ау деген кезде үсті-басы әлем-жәлемге, әшекейге толып ауылға қайтып оралады. Сол күні мал сойылып, ат шаптырылып, той жасалады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Осы қуанышты оқиғаға арналған той адам баласының өмірінде ең құрметті мереке болып саналады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдынан салтанатпен жүргізген. Ашамайға мінгізіп, Көш алдына жүргізіп, Әжептәуір құрбының, Алдына алып, сүйгізіп, Алашқа атын білгізіп, Ұл қызығын көрмедім. "Ер-Сайын" жырында осылай делінген. Осы оқиға (ашамайға мінгізу)– бала өміріндегі алғаш маңызды қадам.
Дайындаған Әлжан Сүйіндікұлы

Комментарии