Балалар әдебиетіне жаңа леп
Дата: 10.11.2026 Рубрика: Бери пример!
0
3
0

Облыстық мәдениет басқармасының мәжіліс залында балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармаға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы VI республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Көрнекті ағартушының туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған байқау биыл да отандық қаламгерлердің шығармашылығын қолдап, балалар әдебиетінің дамуына серпін берді.
Биылғы жеңімпаздардың қатарында Павлодар қаласынан қатысқан жазушы Бейбіт Бөжен де бар. Ол «Қазақ тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясында «Арлан блогер» туындысымен топ жарды. Ал «Орыс тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясында Көкшетау қаласының тұрғыны Наталья Яковлева «Подводная лодка Макса» повесімен жеңіске жетті.
Алты жыл ішінде байқау жаңа әдеби есімдерді танытатын, отандық авторлардың шығармаларын насихаттайтын маңызды шығармашылық алаңға айналған. Оның басты ерекшелігі – кәсіби сарапшылармен қатар, балалардан құралған қазылар алқасының да қатысуы. Яғни, шығармаларға баға беруде әдеби талаптармен бірге жас оқырмандардың талғамы мен қызығушылығы да ескеріледі. Бұл балалардың өздеріне жақын, көңілінен шығатын туындыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бейбіт Бөжен байқау туралы әлеуметтік желіден естіген. Бұған дейін де қатысуды ойлағанымен, уақыт тапшылығына байланысты мүмкіндік болмаған. Ал ақындықтан прозаға ауысқанына бір жылдай ғана уақыт өтіпті.
«Биыл осы конкурсты естігенде, шынымды айтсам, аң-таң болдым. Балалар әдебиеті – өте күрделі жанр. Осы бағытта апаларымыз бен ағаларымыздың да қатысып жатқанын естіп, бір қуансам, балалардың да оқып, қатысып, көңілдерінен шыққанын естіп, екі есе қуандым», – дейді қаламгер.
«Арлан блогер» шығармасының идеясы күнделікті өмірдегі қарапайым оқиғадан туындаған. Автор балаларына iPhone телефондарын алып берген кезде оларды заманауи технологияны тек ойын-сауық үшін емес, пайдалы мақсатта қолдануға шақырған. Осы әңгіме кейін әдеби туындының арқауына айналыпты.
«Балаларыма «Кез келген құрал адамға қызмет етуі керек. Осы телефондарды пайдаланып, блог түсіріңдер, мобилографиямен айналысыңдар, видео түсіруді үйреніңдер» деп айтып жүремін. Сол кезде «блог» деген сөз есімде қалып қойды. Кіші ұлымның аты – Арлан. Осылайша, телефон, блог және Арлан деген үш ұғым ойымда тоғысты. Екі-үш күннің ішінде шығарманы толық жазып шықтым», – дейді автор туындының жазылу тарихы туралы.
Автор шығарма арқылы жас оқырманға ұлттық құндылықтарды ұмытпау, этнография мен төл мәдениетті сақтау идеясын жеткізу көзделген. Қазіргі заманғы технологияларды меңгеру қаншалықты маңызды болса, ұлттық тамырдан ажырамау да соншалықты маңызды. Автор осы екі бағытты ұштастыра отырып, бүгінгі балаларға жақын тақырыпты көтерген. Бейбіт Бөжен қазақ әдебиетінің дамуына үлес қоса алатын жас қаламгерлердің шығармашылықтан қол үзбеуі керек деп есептейді. Оның пікірінше, әдебиетке бейім жастарды қолдап, олардың шығармаларын көпшілікке танытуға мүмкіндік жасау қажет.
Сол күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына орай «IbrayConnect» республикалық гибридті өңіраралық сессиясы өтті. Ал кітапхананың жас оқырмандары байқау жеңімпазы Бейбіт Бөженмен кездесті. Кездесу барысында қаламгер өзінің шығармашылық жолы, «Арлан блогер» туындысының жазылу тарихы және қазіргі балалар әдебиетінің бағыттары туралы әңгімелеп, балалардың сұрақтарына жауап берді.

Комментарии