Туған жердің тазалығы – әрқайсымыздан басталады!
Дата: 24.11.2026 Рубрика: Бери пример!
0
6
0

Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Туған жердің көркеюі мен тазалығы әрбір адамның табиғатқа деген жанашырлығы мен жауапкершілігіне байланысты. Осы бағытта өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу ерекше маңызға ие.
Осы мақсатта Рудный қаласының №13 жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6-сынып оқушылары арасында «Экоприключение» атты экологиялық квиз ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарау дағдыларын қалыптастыру, экологиялық ойлау қабілетін дамыту, табиғатты қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар балаларға табиғатты аялау үлкен істерден ғана емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынын түсіндіру көзделді.
Экологиялық квиз командалық интеллектуалдық-танымдық сайыс форматында өтіп, бірнеше тақырыптық кезеңді қамтыды. Оқушылар өзара топтарға бөлініп, білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Олар экологияға қатысты сұрақтарға жауап беріп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, қалдықтарды сұрыптау және табиғат байлықтарын сақтау туралы білімдерін ортаға салды. Әр кезең қатысушылардан шапшаңдықты, логикалық ойлауды, шығармашылық ізденісті және ұйымшылдықты талап етті.
Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасып, бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетті. Әсіресе, қайталама шикізаттан экологиялық бұйымдар жасауға арналған шығармашылық тапсырма балалардың ерекше қызығушылығын оятты. Қатысушылар қағаз, пластик және басқа да пайдаланылған материалдарды кәдеге жаратып, олардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Әр команда өз жұмысын таныстырып, оның ерекшелігі мен қоршаған ортаға тигізетін пайдасын түсіндірді.
Бұл тапсырма оқушыларға кез келген затты бірден қоқысқа тастамай, оны қайта пайдаланудың жолдарын қарастыруға болатынын ұғындырды. Сондай-ақ табиғи ресурстарды үнемдеу мен қалдықтарды қайта өңдеудің қоршаған ортаны қорғаудағы маңызына назар аударды. Балалар өздерінің шағын идеялары арқылы табиғатты сақтауға үлес қоса алатынын іс жүзінде дәлелдеді.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралардың маңыздылығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасына қатысты айтқан ойларымен де үндеседі. Президент Қазақстан халқына Жолдауында бұл акция уақытша науқан болып қалмай, жыл бойы жалғасатын маңызды жалпыұлттық жобаға айналуы керектігін атап өтті. Мемлекет басшысы қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау әрбір адамның күнделікті әдетіне айналуы қажеттігін де баса айтты. Осы орайда мектептің аға тәлімгері Айгүл Гайсина оқушыларға табиғатты қорғаудың әрқайсысымыз үшін ортақ міндет екенін түсіндіріп, өз ойын былайша жеткізді:
«Бүгін сіздер экологияға қамқорлық жасаудың қарапайым әрекеттерден басталатынын көрсеттіңіздер. Ол – қоқысты сұрыптау, суды және электр энергиясын үнемдеу, айналамызды таза ұстау, жерде жатқан қағазды көргенде бейжай өтпеу. «Таза Қазақстан» бағдарламасы – бір реттік акция емес, бұл – біздің өмір салтымыз болуы тиіс. Әрқайсыңыз тазалықты өзіңізден, өз сыныбыңыздан, өз аулаңыздан бастасаңыздар, қаламыз да, еліміз де таза әрі көрікті бола түседі. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сөзбен емес, нақты іспен дәлелденеді», – деп атап өтті.
Экологиялық квиз оқушылар үшін тек білім сайысы ғана емес, қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыратын маңызды тәрбие алаңына айналды. Олар табиғатты қорғау әр адамның азаматтық жауапкершілігі екенін түсініп, өз үлестерін қосуға ынталанды.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті, табиғатқа жанашырлықты, тазалық пен тәртіпті сақтауға деген жауапкершілікті қалыптастырады. Өйткені экологиялық мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол отбасындағы тәрбиеден, мектептегі өнегелі істерден және күнделікті өмірдегі пайдалы әдеттерден бастау алады.
Сара АЙМҰРАТОВА, жас тілші.

Комментарии