Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қауіп пен қатерге қаймықпайтын жандар

Дата: 27.10.2026 Рубрика: Бери пример!
5
0
Қауіп пен қатерге қаймықпайтын жандар
19 қазан – елімізде Құтқарушылар күні. Бұл – адам өмірін арашалап, тілсіз жаумен арпалысып, қиын сәтте көмекке асығатын батыл жандардың кәсіби мерекесі.
Құтқарушы мамандығы асқан жауапкершілікті, темірдей тәртіпті, кәсіби шеберлік пен қайсар мінезді талап етеді. Қоғам тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі жолында күн сайын тәуекелге бел буатын мамандардың еңбегі қашанда құрметке лайық.
Кәсіби мереке қарсаңында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппарат кеңесінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандарын құттықтап, салада үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерді Құрмет грамотасымен марапаттады. Жиында шаһар басшысы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша рөлін атап өтіп, олардың күрделі жағдайларда атқарып жүрген жауапты қызметіне жоғары баға берді. Қала басшысының айтуынша, соңғы жылдары өңірде болған ірі төтенше жағдайлар құтқарушылардың кәсіби даярлығы мен жедел әрекет ету қабілетінің маңызын айқын көрсетті.
«2022, 2023 жылдары қалада ауқымды өрт оқиғалары тіркелді. Сол кезде жергілікті төтенше жағдайлар қызметі жүктелген міндетін жоғары кәсібилікпен атқарды. 2024 жылы көктемгі су тасқынында күн-түн демей қызмет етіп, қоғамның қауіпсіздігі үшін күресті. Шын мәнінде, шаһарда күн сайын ірілі-­ұсақты төтенше жағдайлар тіркеледі. Соның бәріне жүгіріп, апаттың алдын алуға үлес қосуда. Адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жедел әрекеттеріңізге байланысты», – деді Марат Жүндібаев.
Шынында да, құтқарушылардың жұмысы тек ірі апаттар кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де аса маңызды. Қызмет мамандарына тәулігіне он шақты, кейде одан да көп шақырту түседі. Өрт, су басу, жол-көлік оқиғалары және басқа да төтенше жағдайлар кезінде олар оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды бағалап, адам өміріне төнген қауіпті сейілтуге кіріседі. Мұндай сәттерде уақыттың әр секунды шешуші мәнге ие. Сондықтан құтқарушыдан тек физикалық дайындық қана емес, сабырлылық, батылдық пен шұғыл шешім қабылдай білу қабілеті де талап етіледі.
Бұл мамандықтың ерекшелігі – оның артында адам тағдыры тұрады. Қауіпке қарамастан көмекке ұмтылған құтқарушылардың әрбір әрекеті бір отбасының амандығына, жақындардың қайта қауышуына себеп болуы мүмкін. Олар өз міндетін орындау барысында жеке қауіпсіздігінен бұрын өзгелердің өмірін ойлайды. Осындай жауапкершілік пен жанқиярлық – құтқарушы мамандығының басты сипаты.
Құтқарушылардың еңбегі көбіне оқиға аяқталған соң ғана бағаланады. Алайда қауіптің алдын алу, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау және кез келген шақыртуға сақадай сай болу – олардың күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі. Кәсіби дайындық пен өзара үйлесімді әрекет қана күрделі жағдайлардың салдарын азайтып, адам шығынының алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!