Тарих тағылымы – ұрпаққа аманат
Дата: 27.10.2026 Рубрика: Бери пример!
0
6
0

Қазақ даласында білім мен ағартушылықтың шамшырағын жаққан Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолы – бүгінгі ұрпақ үшін таусылмас тағылым.
Оның білімге шақырған ұлағатты үндеуі мен ел болашағына деген жанашырлығы уақыт өткен сайын маңызын арттырып келеді. Ал ұлы ұстаздың өмірі мен қызметін зерттеп, мұрасын кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен мұндай тағылымды бастамалар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды терең түсінуіне жол ашады.
«Алтынсариннің ізімен» квест-ойыны да оқушыларды дайын деректермен таныстырумен шектелмей, оларды өздігінен ізденуге, тарихи оқиғаларды зерделеуге және ғылыми тұжырым жасауға жетеледі. Қатысушылардың зерттеу жұмыстары мен ғылыми мақалалары арқылы туған өлкенің тарихына, ағартушылық дәстүрге және рухани мұраның бүгінгі қоғамдағы орнына қатысты тың ізденістер көрініс тапты.
Қорытынды салтанат барысында оқушылардың ғылыми мақалалары мен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сараланып, үздік жұмыстардың авторлары Алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты Н. Темірбеков табыстады. Сонымен қатар форумның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан команда жетекшілеріне де Алғыс хаттар берілді.
Жас зерттеушілердің еңбегін бағалау – олардың білімге деген ынтасын арттырып қана қоймай, ғылымға алғашқы қадам жасауына серпін беретін маңызды қолдау. Зерттеу жүргізу барысында оқушылар тарихи деректерді жинақтап, ақпаратты салыстырып, өз пайымдарын дәлелдеуге үйренеді. Мұндай тәжірибе олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, білімді тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік береді.
Форум аясындағы квест-ойынның тағы бір ерекшелігі – білім мен тарихи танымды өзара сабақтастыра отырып, командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыруында. Ортақ мақсатқа ұмтылған оқушылар өзара пікір алмасып, ізденіс нәтижелерін саралап, бірлесіп шешім қабылдауға дағдыланды. Бұл – жас буынның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған нәтижелі қадам.
Іс-шара барысында Ыбырай музейінің басшысы М.Оспанов форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұжымына, студенттеріне және шараның өтуіне атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Естелік сый ретінде оқу орнына «Ыбырай – даланың таза бұлағы» атты кітап табысталды.
Бұл тарту – ұлы ағартушының рухани мұрасын ұлықтауға және оны ғылыми-білім беру кеңістігінде кеңінен насихаттауға деген құрметтің белгісі. Тарихи тұлғалардың еңбегін бағалау, олардың өнегелі жолын кейінгі буынға таныту – ұлттық жадыны сақтаудың маңызды тетігі. Осы тұрғыдан алғанда, музей мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы өткен мен бүгінді жалғап, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға қызмет етеді.
Квест-ойынның қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталды. Бірінші орынды Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты иеленіп, 300 мың теңге көлеміндегі жүлдеге қол жеткізді. Екінші орын мен 200 мың теңгелік сыйлық Қостанай қаласындағы А. М. Горький атындағы гимназияға бұйырды. Ал Қарасу ауданының Октябрь негізгі орта мектебі үшінші орынға ие болып, 100 мың теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталды.
Ұйымдастырушылар шараның өтуіне қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушының ізденісі мен белсенділігін атап өтті.

Комментарии