Табиғатты қорғау – жастардың қолында
Дата: 01.09.2026 Рубрика: Бери пример!
0
7
0

Лисаков қаласында табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды экологиялық слет өтіп, облыстың әр өңірінен келген 80-ге жуық жас пен еріктіні бір ортаға жинады.
Үш күнге созылған басқосуда жастар қоршаған ортаны қорғау, туған өлкені таза ұстау және экологиялық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын талқылады.
«Алый парус» демалыс базасында өткен іс-шара «Таза Қазақстан» қағидаты аясындағы «EcoZhas» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Жобаны «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асырды. Слеттің негізгі мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды табиғатты қорғауға бағытталған нақты істерге жұмылдыру. Себебі қоршаған ортаның тазалығы тек арнайы мамандарға емес, әр адамның жауапкершілігіне байланысты.
Үш күн бойы қатысушылар уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізді. Алдымен олар экологиялық бағытта жұмыс істейтін кәсіпорындар мен тәлімбақтарға барып, табиғатты қорғау ісінің тәжірибесімен танысты. Кейін түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысып, экологиялық волонтерлік, қоқысты сұрыптау, ұқыпты тұтыну, зооволонтерлік, қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру, жаңартылатын энергия көздері және климаттық жобалар туралы білімдерін толықтырды.
Жастарға республикалық және өңірлік деңгейдегі мамандар дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында Асыл Окапова, Людмила Евженкова, Ольга Соловьева, Динара Шадрина, Генадий Ипатов, Азим Жанбуршинов, Жұмат Бауыржан және Татьяна Миронюк сынды сарапшылар болды. Слеттің ең қызықты кезеңдерінің бірі – командалық жұмыс пен экологиялық жобаларды қорғау. Әр аудан өз өңіріндегі табиғатқа қатысты мәселелерді анықтап, оны шешуге бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Жастардың бірі қоқысты азайту жолдарын ұсынса, енді бірі туған жерді көгалдандыру, жануарларға қамқорлық жасау немесе су көздерін қорғау мәселесін көтерді. Осылайша қатысушылар табиғатты қорғау тек сенбілік өткізумен шектелмейтінін түсінді. Экологияға жанашырлық – күнделікті өмірдегі қарапайым әдеттерден басталады. Слет қорытындысында үздік экологиялық жобалар анықталды. Солардың бірі – Науырзым ауданынан келген жастардың «Мөлдір бұлақ – Науырзымның табиғи мұрасы» жобасы. Науырзым ауданының ресурстық орталығының директоры Айна Дәулетханқызының айтуынша, команда слетке арнайы дайындалып келген.
– Біз бұл эко-лагерге арнайы дайындалып бардық. Слет барысында әр аудан өз аймағындағы экологиялық түйткілдерді көтеріп, жобаларын қорғады. Біз Науырзымдағы бұлақтарды сақтап қалу мәселесін таңдадық. Қазіргі таңда ауданда ашық жатқан 3-4 бұлақ бар. Жобамыздың мақсаты – бұлақтардың маңында сенбіліктер ұйымдастырып, экологиялық тақтайшалар орнату және арнайы қоқыс жәшіктерін қою арқылы табиғи мұрамызды қорғау, – дейді Айна Дәулетханқызы.
Жоба жеңімпаз атанып, енді оны жүзеге асыру жұмыстары басталмақ. Жастар бұлақ суының тазалығын зерттеп, оның ішуге жарамдылығын тексеруді, айналасын тазалап, абаттандыруды жоспарлап отыр.
– Лагерде қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігі және «Таза Қазақстан» акциясы аясында алдағы уақытта қалай жұмыс істеуге болатыны туралы көп ақпарат алдық. Ендігі кезекте бөлінген қаржы аясында бұлақ суларының тазалығын зерттеп, оның сапасын тексеріп, айналасын абаттандыру ісін қолға аламыз, – дейді жоба авторы.
Слеттің соңында қатысушылар «Нас здесь не было!» экологиялық акциясына қатысты. Жастар демалыс аумағын толықтай тазалап, айналадағы қоқыстарды жинады. Бұл акцияның мәні – табиғатқа барғаннан кейін артыңнан қоқыс қалдырмау, керісінше, қоршаған ортаны таза күйінде сақтау. Жас еріктілердің бұл әрекеті «Таза Қазақстан» бастамасының басты идеясын айқын көрсетті. Табиғатты қорғау үлкен сөздерден емес, нақты әрекеттен басталады. Бір тал отырғызу, бір бөтелкені қоқыс жәшігіне тастау, суды ластамау, жануарларға қамқорлық жасау – мұның бәрі қоршаған ортаға жасалған көмек.

Комментарии