«Оқырман аллеясы»: кітап, технология және күн энергиясы
Дата: 29.09.2026 Рубрика: Бери пример!
0
8
0

Қарасу ауданының Железнодорожный жалпы білім беретін мектебінде оқу мен демалысқа арналған жаңа заманауи кеңістік – Kitap Alley немесе Оқырман аллеясы ашылды. Жоба кітап оқуды мектептің күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдыруға, дәстүрлі оқуды заманауи технологиялармен және экологиялық шешімдермен ұштастыруға бағытталған.
Жобаның идея авторлары және оны іске асырған – педагогтер мен мектеп қызметкерлері. Бастаманы іске асыруға «Железнодорожное-АМФ» ЖШС елеулі қолдау көрсетті. Кәсіпорын басшысы Ирина Осипова бастаманы қолдап, аллеяны абаттандыруға қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етті. Аллеяда кітап оқуға және демалуға арналған орындар, сондай-ақ QR-кітапхана жасақталған. Енді оқушылар QR-кодты смартфон камерасымен сканерлеу арқылы электронды кітаптарға оңай қол жеткізе алады.
Сондай-ақ аллеяның ерекше элементтерінің бірі – мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған күннен қуат өндіретін электр станциясы. Оны жасау идеясын мектеп педагогі Хамит Габдулин ұсынды. Осылайша бір жерде кітап, цифрлық технологиялар және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі өзара үйлесті. Жобаның экологиялық бағытының да практикалық маңызы зор: оқушылар жаңартылатын энергия көздерін күнделікті өмірде қалай пайдалануға болатынын нақты мысал арқылы көре алады.
«Оқырман аллеясының» құрылуы мектептің оқу мәдениетін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының жалғасы болды. Биыл мектеп кітапты тек сабақ барысында ғана емес, баланың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыратын орта қалыптастыруға бағытталған аудандық «Кітап оқитын жаз – 2026» жобасына бастамашы болды.
Жоба «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының бірнеше бағытын – «Оқитын ұлт» және «Таза Қазақстан» құндылықтарын біріктіреді. Мектеп директоры Жанна Бреус атап өткендей, құндылықтарды қалыптастырудың ең тиімді жолы – баланың өз бетінше кітап оқып, жаңа білім алып, заманауи технологияларды пайдаланып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауына мүмкіндік беретін орта қалыптастыру.
Бүгінде Kitap Alley оқырмандарын қарсы алып, сүйікті орнына айналуда. Мұнда қағаз немесе электронды кітап таңдап, таза ауада кітап оқуға және мобильді құрылғыны күн энергиясы арқылы қуаттауға болады. Жобаның басты мақсаты – аллеяны мектеп өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру: оқушылардың келгісі келетін, кітап ашып оқитын, оқығанын талқылайтын және қайта оралғысы келетін орны ету.

Комментарии