Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Гран При жеңіп алды

Дата: 01.09.2026 Рубрика: Бери пример!
7
0
Гран При жеңіп алды
Астанада халықаралық көп жанрлы «Unistar Astana» байқауында Арқалық қаласының жас өнерпаздары жоғары нәтиже көрсетіп, туған қаласының мерейін асырды. «Бейнелеу өнері» номинациясында Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Мария Дмитрова мен М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Нұрислам Табылды өз жұмыстарымен ерекшеленіп, Гран-­При жүлдесін иеленді.
Мария Дмитрова «Ұлы дала, Қазақ елі» тақырыбындағы кескіндеме жанрындағы туындысымен топ жарса, Нұрислам Табылды алграфика жанрында үздік атанды. Жас суретшілердің еңбектері мазмұнының тереңдігімен, көркемдік шешімімен және өзіндік ізденісімен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Қос жеңімпаз да Арқалық қаласының «Жас-­Ұлан» жасөспірімдер орталығындағы «Суретші» үйірмесіне қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап жүрген талантты оқушылар. Олардың бұл жетістігі – жүйелі ізденіс пен жетекшілерінің кәсіби қолдауының нәтижесі. Жас суретшілердің жетекшісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Сапарбек Ұзақов шәкірттерінің жеңісіне қуанышын білдірді.
«Екі оқушым да жеңімпаз атанып, келесі байқауға жолдама алды. Конкурсқа Астана, Қарағанды және басқа да қалалардан оқушылар қатысты. Байқау бағдарламасында хореография, вокал және инструменталдық өнер бағыттары да қамтылды. «Гран-­При Арқалық!» деген сөзді естігенде төбем көкке жеткендей болды», – дейді ұстаз.
Халықаралық байқаудағы қос Гран-­При – Арқалықтағы жас таланттардың шығармашылық әлеуетін көрсететін маңызды жетістік. Жас суретшілердің еңбегі ұлттық өнерді дәріптеумен қатар, туған жердің талантты жастарының республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда өз мүмкіндігін танытып келе жатқанын аңғартады. Алдағы уақытта Мария Дмитрова мен Нұрислам Табылды жаңа байқауларда да биіктен көрініп, бейнелеу өнеріндегі ізденістерін жалғастыра бермек. Арқалықтың қос жас суретшісіне шығармашылық шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!
Мұрат Жүніс

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!