Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«AishaKids» жобасы қалай туды?

Дата: 21.07.2026 Рубрика: Бери пример!
27
0
«AishaKids» жобасы қалай туды?
Қазақ тілін кішкентай бүлдіршіндерге заманауи технология арқылы үйретуді мақсат еткен Рүстем Қаратайұлының екі мен бес жас аралығындағы балаларға арналған «AishaKids» интерактивті мобильді қосымшасы биылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық жастар жобалары байқауында үздік деп танылды.
Байқау жеңімпаздарын «Халықтық Конституция: сенімді болашақтың бастауы» ғылыми конференциясы барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты жағдайда марапатталды.
Биыл байқауға облыстың 12 өңірінен 61 өтінім келіп түскен. Қатысушылар ғылымнан бастап цифрлық технологияларға, бизнестен волонтерлікке дейінгі түрлі бағыттарда өз бастамаларын қорғаған. Сарапшылар үздік жобаларды «Ғылым», «IT», «Медиа», «Бизнес», «Волонтерлік» және «Мәдениет» номинациялары бойынша анықтады. Жалпы жүлде қоры 6 миллион теңгені құрап, әр жеңімпаз өз жобасын әрі қарай дамытуға қаржылай қолдау алды.
Байқауда ерекше назар аудартқан жобалардың бірі Рүстем Қаратайұлының «AishaKids» мобильді қосымшасы. Автордың айтуынша, бүгінде мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қазақ тіліндегі сапалы интерактивті платформалар әлі де аз. Сондықтан ол бүлдіршіндердің қызығушылығын арттыратын, ойын мен оқытуды ұштастыратын қосымша әзірлеуді мақсат еткен. Рүстем «IT» номинациясында жеңімпаз болса да оның бұл салада ешқандай мамандығы да, білімі де жоқ болып шықты. Бірақ оның ойлап тапқан жобасы қазақ тіліндегі сапалы цифрлық контентті көбейтіп қана қоймай, жас ұрпақтың ана тілін ойын арқылы меңгеруіне мүмкіндік береді.
«Қазіргі таңда балалардың бос уақытының басым бөлігі, тіпті жартысы телефон экранына қараумен өтетіні жасырын емес. Ағамның қызы да, басқа да көптеген балалардың уақыты цифрлық әлемде өтіп жатыр. Әрине, бұған ата-ананы да, баланы да кінәлаудың қажеті жоқ. Заман ағымы солай, мұны түсінуге де, қабылдауға да болады. Бірақ бұл жердегі ең үлкен мәселе ақпараттың сапасы. Қазіргі әлеуметтік желілерде, YouTube каналдарында балаларға арналған мән-мағынасыз ақпараттар, тәрбиелік мәні жоқ ойындар тым көп. Осыны көріп, ойлана келе, мен өз жиеніме арнап ерекше бір дүние жасағым келді. Қызық болғанда, менің IT саласында ешқандай мамандығым да, білімім де жоқ. Күнделікті өмірде «Варваринское» ЖШС жұмыс істеймін. Тіпті бағдарламалауды ешқашан тәжірибе жүзінде қолданып көрген адам емеспін. Ойлана келе ағамның қызына арнап кішігірім веб-қосымша жасап шығардым. Оның ішіне баланың талғамына сай келетін әртүрлі мультфильмдерді жинақтадым. Ең бастысы осы жобаның ішінен баланың өз болмысына, мінезіне және бейнесіне сай келетін «Айша» атты арнайы кейіпкер ойлап таптым. Бұл жоба балалардың интернеттегі уақытын пайдалы әрі мағыналы өткізуіне көмектеседі», – дейді ол.
Қосымшада балалар түрлі ойын тапсырмалары арқылы түстерді, пішіндерді, сандарды, қарапайым математикалық амалдарды және күнделікті сөздік қорды меңгереді. Ерекше дыбыстық сүйемелдеу, «ана дауысы» функциясы және арнайы кейіпкер бүлдіршіндердің назарын ұстап тұруға көмектеседі. Геймификация элементтері оқу процесін қызықты етіп, баланың жаңа білімді жеңіл қабылдауына жағдай жасайды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!