Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған өлкенің мерейін тағы бір мәрте үстем етті

Дата: 21.07.2026 Рубрика: Бери пример!
6
0
Туған өлкенің мерейін тағы бір мәрте үстем етті
Торғай топырағынан түлеп ұшқан жас айтыскер ақын Ниязбек Таңжарық кезекті рет туған өлкесінің абыройын асқақтатты.
Ол Алматы облысының Райымбек ауданында көрнекті айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың рухына арналған «Құлманбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты республикалық оқушылар айтысында жүлделі орын иеленді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған республикалық додаға еліміздің түкпір-­түкпірінен жиналған жас жүйріктер қатысып, суырыпсалмалық өнерде өз бақтарын сынады. Өнер сайысында сөз саптауы мен тапқырлығын танытқан жерлесіміз Ниязбек Таңжарық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, оған 300 мың теңге көлеміндегі сертификат табысталды.
«Ұлттық өнерді ұлықтаған бұл айтулы айтыс жас ақындардың шығармашылық қабілетін шыңдап, суырыпсалмалық өнердің өрісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік берді. Ниязбектің жетістігі – табанды ізденіс пен ұстаз тәлімінің, ұлттық мұраға деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Жас ақындарымыз алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, қазақ айтыс өнерінің көкжиегін кеңейте беретініне сенім мол», – дейді Жангелдин аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы.
Айта кетейік, Ниязбектің өнердегі талабын ұштап, айтыс әлеміне баулып жүрген жетекшісі әрі әкесі, айтыскер ақын Байбатыр Ахметбек те марапатсыз қалмады. Ұйымдастырушылар оның жас талантты тәрбиелеудегі еңбегін жоғары бағалап, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Бұл жетістік – тек жас ақынның ғана емес, Торғай өңірінің рухани өміріндегі айтулы табыстардың бірі. Жерлесіміздің алдағы уақытта да талай республикалық, халықаралық айтыстарда туған елдің мерейін үстем етіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім мол.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!