Тілге құрмет – елге құрмет
Дата: 21.07.2026 Рубрика: Бери пример!
0
6
0

Қазақ тілін өз ана тілімен тең көріп, оны күнделікті өмірде, қызметте және қоғамдық ортада еркін қолданып жүрген өзге этнос өкілдері біздің өңірде де баршылық.
Оған жыл сайын өтетін «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауында көз жеткіздік. Бірақ биылғы байқау жылдағыдан өзгеше болды. Басты ерекшелігі – қазақ тілін насихаттауда жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы болды.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту және қазақ тілін заманауи бағытта дамыту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі байқауға облыстың қала және аудандарынан түрлі салада еңбек етіп жүрген 8 үміткер қатысты. Қазақ тілін үйренушілер қатары жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде мемлекеттік тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, цифрлық кеңістікте де қарқынды дамып, жаңа технологиялармен үндесіп келеді. Осы үрдісті ескерген ұйымдастырушылар байқауды екі кезең бойынша өткізді.
Бірінші кезең де дәл осылай аталды. «Үздік цифрлы контент». Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын пайдаланып әзірлеген бейнероликтерін Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде жариялап, олардың мазмұны, сапасы, креативтілігі мен көрермендердің қызығушылығы негізінде бағаланды. Әділқазылар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейімен қатар қатысушылардың цифрлық технологияларды тиімді қолдануына, шығармашылық ізденісіне және әлеуметтік желідегі белсенділігіне ерекше назар аударып, түрлі сұрақтар қойып отырды. Осы арқылы олардың сөйлеу деңгейін ғана емес, ойлау, қабылдауын да бағалай білді.
Екінші кезең – «Қазақ тілін үйренудегі тиімді әдістер». Бұл бөлімде үміткерлер қазақ тілін жеңіл әрі нәтижелі меңгеруге арналған авторлық әдістемелері мен жобаларын таныстырды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік тілді күнделікті өмірде, кәсіби қызметте және қоғамда кеңінен қолданудың тиімді жолдарын ұсынды.
Қатысушылардың жұмыстары 5 балдық жүйемен бағаланды. Қазылар алқасы бастысы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі және сөз мәдениетіне, жобалардың креативтілігі, жаңашылдығы және жасанды интеллект құралдарын қолдану шеберлігіне және ұсынылған тәжірибенің тиімділігі мен практикалық маңыздылығына аса назар аударды.
Облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Тоты Айтмағамбетова байқаудың маңыздылығымен бөлісті.
«Бұл байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Негізгі мақсатымыз – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту және оны заман талабына сай дамыту. Биылғы ерекшелігі – қатысушылардың қазақ тілін меңгерумен қатар, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді пайдалана білуі», – дейді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі қатысушылардың тілді еркін меңгеруі ерекше қуантады.
«Бұрын мұндай байқауларда кейбір қатысушылар жаттанды сөйлейтін. Ал сұрақ қойылғанда ойын еркін жеткізе алмай жататын. Биылғы қатысушылардың ерекшелігі – олар ешқандай дайын мәтінсіз, қазақ тілінде еркін пікір білдіріп, өз тәжірибесін көрсетіп бөлісіп жатыр. Бұл – мемлекеттік тілге деген қызығушылықтың артқанының нақты дәлелі», – деді Тоты Әбдібекқызы.
Мысалы, Қарабалық ауданынан келген төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Максим Макеевтің сөзі көпшілікке ой салып, әсер қалдырды. Ол қазақ тілінде еркін сөйлеп қана қоймай, «болашақта балалы болсам, міндетті түрде қазақ мектебіне беремін» деді.
Байқау қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, оны этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде шебер қолданған қатысушылар жеңімпаз атанды.
І орын – Сарыкөл ауданындағы Барвин жалпы білім беретін мектебінің қызметкері Алёна Блинова; ІІ орын – Ұзынкөл ауданы ветеринариялық станциясының қызметкері Вера Яковенко және ІІІ орыннан Қарабалық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Максим Макеев көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.
Байқау тағы бір мәрте қазақ тілінің ұлтына қарамастан барша қазақстандықты біріктіретін ортақ құндылыққа айналып келе жатқанын көрсетті. Мемлекеттік тілді құрметтеп, оны заман талабына сай цифрлық форматта насихаттап жүрген өзге этнос өкілдерінің белсенділігі – қоғамдағы оң өзгерістердің айқын көрінісі.

Комментарии