Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Оқушылар Астанада қонақта болды

Дата: 09.06.2026 Рубрика: Бери пример!
5
0
Оқушылар Астанада қонақта болды
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорда еліміздің түкпір-­түкпірінен келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.
Олардың қатарында қостанайлық оқушылар да бар. Қостанай облысынан 5 оқушы Астана қаласына арнайы келіп, осы бір тағылымды экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл дәстүрлі іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырып отыр.
Биылғы экскурсияға еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 10-15 жас аралығындағы 100 бала қатысуда. Олардың қатарында пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық және спорттық байқаулардың лауреаттары, сондай-ақ ерлігімен және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген оқушылар бар.
Қатысушылар үшін Ақорда резиденциясына қызықты экскурсия ұйымдастырылып, балалар ғимараттың салыну тарихымен, сәулеттік ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ ресми қабылдаулар өтетін залдарды аралап, Мемлекет басшысының кітапханасын көріп, резиденция аумағындағы көркем бақта серуендеді.
Экскурсия барысында жеткіншектер Қазақстанның тәуелсіздік тарихы мен мемлекеттік басқару жүйесі туралы жан-жақты мәлімет алып, ел дамуының маңызды кезеңдерімен танысты. Бұл сапар олардың бойында патриоттық сезімді нығайтып, елге қызмет етуге деген ынта-жігерін арттыра түсті.
Негізгі бағдарлама аясында балалар Ақордамен қатар Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына да барып, заманауи технологиялар мен цифрлық инновациялардың даму бағыттарымен танысады.
Бүгінде қостанайлық оқушылар елордамыздың көрікті жерлерін аралап, Астананың ерекше атмосферасын сезінуде. Еліміздің бас қаласына жасаған бұл сапар балалар үшін есте қаларлық әсерге толы жарқын күндердің біріне айналмақ. Экскурсия соңында оқушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан естелік сыйлықтар табысталды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!