Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тұлпар мініп, ту алған

Дата: 02.06.2026 Рубрика: Бери пример!
12
0
Тұлпар мініп, ту алған
Ақпан айынан бастап менің күндерім жыр жаттаумен өтті. «Тұлпар мініп, ту алған!» сайысы аясында «Алпамыс батыр» жырын мәнерлеп әрі жатқа айтамын деп мақсат қойдым.
Қостанай облысының әр мектебі өздерінің жыршы оқушыларын қолдап, тыңғылықты дайындық жүргізді.
Міне, наурыз айы да келді. Мектепішілік кезеңде бас жүлдені иеленіп, келесі кезеңге жолдама алдым. Осы сәттен бастап дайындығым тіпті күшейе түсті. «Алпамыс батыр» жыры жай ғана ертегі емес. Оның астарында халықтың тарихы, батырлық рухы мен ұлттың жадында сақталған шынайы бейнелер жатыр. Батырдың ерлігіне тәнті бола отырып, халқымыздың осындай ғажайып әрі терең мағыналы жырларды ұрпақтан-­ұрпаққа жеткізгеніне таңғаласың.
Әрине, жыр жаттау оңай болған жоқ. Кейде аузым кеберсіп, тармақтар шатасып кететін. Бірдей басталатын жолдарды қайта-­қайта айтып, жаңылысып та қалдым. Бірақ сонда да берілмедім. Себебі бұл тек байқау емес, өз-өзіңді сынау еді.
Келесі айда келесі кезең. Қалалық сайысқа қатысу үшін Ғафу Қайырбеков атындағы №9 мектепке бардық. Ондағы атмосфера мүлде бөлек болды. Кезек күту, қобалжу, сахна алдындағы үнсіздік бәрі ерекше әсер қалдырды. Тіпті басқа қатысушылар айтып тұрған жыр жолдарын ішімнен бірге қайталап отырдым.
Сонымен, «Алпамыс батыр» жырының отыз пайызын жатқа айтып, мәнерлеп оқу кезеңінен өттім. Уақыт маған тым ұзақ көрінді. Ақыры сөзімді аяқтап, орныма барып отырдым. Нәтиже жарияланған сәтте менің екінші орын иеленгенімді естідім. Бұл мен үшін үлкен қуаныш әрі еңбектің жемісі болды.
Үшінші, соңғы кезеңде қалалық байқауда жеңіске жеткен мықты оқушылар облыстық сайыста бақ сынады. Мен бұл жолы қатысушы емес, көрермен ретінде тамашаладым. Бірақ сахнадағы әр қатысушының толқынысы мен талпынысы анық сезіліп тұрды. Бұл тек өнер додасы емес, ұлттық рух үшін болған үлкен сайыс секілді көрінді.
Нәтижесінде үшінші орын иегерлері атанғандар:
● Әдемі Елдейбек (Рудный қаласы), жетекшісі Г. Н. Жақсылықова;
● Бақытбек Көшімбек (Жангелдин ауданы), жетекшісі А. Б. Балтабек.
Екінші орын иегерлері:
● Айдос Марат (Қостанай қаласы), жетекшісі А. Қ. Алімқанова;
● Даяна Ертанова (Қарабалық ауданы), жетекшісі А. К. Бисенов.
Бірінші орын алып, топ жарған:
● Томирис Орехова (Қарабалық ауданы), жетекшісі А. К. Бисенов.
Ал ең жоғары марапат Бас жүлде иегері: Ұлдана Жүрсінбаева (Рудный қаласы). Жетекшісі Г. Г. Смағұлова.
Жыр айту біреуге туа біткен өнер болуы мүмкін. Бірақ осы байқауда мен оқушылардың бойынан тек өнерді емес, табандылық пен өжеттілікті көрдім. Қарапайым оқушы жыр жаттап қана қоймай, мектептегі сабағын да, үйдегі тіршілігін де қатар алып жүрді. Осындай еңбексүйгіштік пен ұлттық мұраға деген құрмет шынымен мақтан етуге тұрарлық емес пе?
Аида ЯЛОВЕНКО

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!