Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас шебердің жеңісі – ел мәртебесі

Дата: 02.06.2026 Рубрика: Бери пример!
6
0
Жас шебердің жеңісі – ел мәртебесі
Қазақ халқының ұлттық мұрасы, терең ой мен зеректілікті талап ететін зияткерлік ойын тоғызқұмалақ бүгінгі күні жас ұрпақ арасында кеңінен дамып келеді. Сол өнерді жанына серік етіп, ел намысын халықаралық деңгейде қорғап жүрген дарынды жас спортшыларымыздың бірі Б.Майлин ауданы, Новалиновка ауылының мақтанышы, Новалиновка жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Аяулым Қонақбай.
Жуырда Қырғызстан Республикасында өткен тоғызқұмалақтан халықаралық жарыста Аяулым өзінің шеберлігі мен табандылығын көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленіп, ел мерейін асқақтатты. Мұның бәрі тек бір ғана оқушының жетістігі емес, тұтас ауылдың, ауданның, тіпті елдің қуанышы десек артық емес.
Тоғызқұмалақ – жай ғана ойын емес, ол – ұлттың даналығы мен логикалық ойлау қабілетінің көрінісі. Осындай күрделі ойынды меңгеріп, қарсыластарының алдын орау – үлкен еңбекті, үздіксіз дайындықты және мықты жігерді талап етеді. Аяулымның бұл жетістігі – оның талмай еңбектенуінің, ұстаздарының бағыт-­бағдарының және ата-анасының қолдауының жемісі.
Жас спортшы бұған дейін де аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып, өзінің жоғары деңгейдегі қабілетін дәлелдеген болатын. Ал халықаралық додада жүлдегер атануы – оның болашағынан зор үміт күттіретінін айқын көрсетеді.
Осындай дарынды жастарымыздың жетістігі – еліміздің жарқын келешегінің кепілі. Қонақбай Аяулым Серікқызына алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, талай додада топ жарып, көк туымызды көкке көтере беруіне тілектеспіз.
Гүлсана Аманжолова

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!