Кітап – мәңгілік мұра
Дата: 12.05.2026 Рубрика: Бери пример!
0
8
0

Санжар Жетпіс – шығармашыл жас буынның жарқын өкілі
Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Санжар Жетпіс «Сторителлинг» бейнероликтер байқауында жүлделі 3-орынды иеленіп, өз талантымен көпшіліктің назарын аударды. Бұл жетістік – жас өнерпаздың шығармашылық жолындағы маңызды қадамдарының бірі.
Санжардың жетістіктері тек бір байқаумен шектелмейді. Ол бұған дейін де бірнеше шығармашылық және білім беру бағытындағы жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен. Атап айтқанда, «Көктемгі гүлдер» атты қалалық графикалық жұмыстар байқауында, «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы аясындағы қалалық кезеңде «Жас мобилограф» номинациясы бойынша, экологиялық бейнероликтер байқауында және «Көңілді әуен» шығармашылық конкурсында жүлделі орындарға ие болған.
Осындай жетістіктер Санжардың жан-жақты дамыған, ізденімпаз әрі шығармашылық қабілеті жоғары оқушы екенін көрсетеді. Ол тек байқауларға қатысып қана қоймай, өз идеяларын бейнеролик, сурет және сахналық бейнелеу арқылы еркін жеткізе біледі.
Мектептің педагог-психологы Толғанай Маханова Санжардың өте ашық, белсенді, кез келген іс-шараға зор ынтамен қатысатын бала екенін атап өтті. Оның әдебиетке деген қызығушылығы жоғары, сүйікті шығармаларындағы кейіпкерлерді шебер сомдап, сахналық қабілетін де көрсете біледі.
Мұндай талантты оқушылар – еліміздің болашағы. Санжар Жетпіс сияқты шығармашыл жас ұрпақтың еңбегі мен таланты қолдау тауып, жаңа биіктерге жететініне сенім мол.

Комментарии