Кириллдің жетістігі
Дата: 05.05.2026 Рубрика: Бери пример!
0
3
0

Жітіқара ауданы Абай атындағы мектеп-лицейі оқушысы Кирилл Тургумбаев алғаш рет беделді халықаралық деңгейдегі олимпиаданың жүлдегерлері қатарынан көрінді.
Бұл жеңіс оған жаз мезгілінде Румыния елінде өтетін Халықаралық лингвистика олимпиадасы қатысуға жол ашып отыр. Айта кету керек, Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы (APLO-2026) бір мезетте 10 елде ұйымдастырылған. Олимпиада 31 ресми сынақ алаңында өтіп, оған 294 оқушы қатысқан.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, APLO-2026 олимпиадасы Қазақстан, Қытай, Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Таиланд елдерінен келген 300-ге жуық дарынды оқушының басын қосты. Бұл – жас лингвистерді анықтап, оларды халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындайтын беделді зияткерлік алаң.
Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға үшінші рет қатысып отыр. Биыл ел намысын 8 оқушы қорғады. Олардың қатарында Кирилл Тургумбаев та бар. Ол – лингвистикадан ұлттық құрама мүшесі ретінде жоғары дайындық деңгейін көрсете білді.
Жалпы жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді. Сонымен қатар, 4 қатысушы Құрмет грамотасымен марапатталды. Кириллдің бұл жетістігі – өңір білімінің сапасын айқындайтын жарқын мысал. Оның халықаралық олимпиадаға жолдама алуы – жас дарынның алдағы үлкен жеңістерге бастар баспалдағы.

Комментарии