Тұлпар мініп, ту алған жас дарындар
Дата: 05.05.2026 Рубрика: Бери пример!
0
3
0

Торғай өңірінде ұлттық рухты жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына елдік пен ерлік қасиеттерді сіңіруге бағытталған «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы аясында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айту байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Ауқымды шараға аудан мектептерінен іріктелген 43 оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар қазақ халқының бай мұрасы – Алпамыс батыр жырын жатқа айтып, көркем оқу шеберлігін, сахна мәдениетін және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың халық поэзиясына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриоттық рухта тәрбиелеу және дарынды балаларды қолдау. Іс-шараның ашылу салтанатында Жангелдин ауданы білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол мұндай рухани байқаулардың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор екенін атап өтті.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнеріне әділ баға беріп, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде 9 оқушы жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. І орынды және облыстық кезеңге жолдаманы Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы Айару Бұқарбай мен Н.Иванов мектебінің оқушысы Бақытбек Көшімбек иеленді. Олар 30 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды. ІІ орынды М.Дулатов мектебінің оқушылары Ұлпа Бегалы, Замира Төлеген және Н.Иванов мектебінің оқушысы Меруерт Жанайдар жеңіп алып, 20 мың теңгелік сыйақымен марапатталды. Ал ІІІ орын Албарбөгет, Аманкелді, Қаратүбек және Қ.Топаев мектептерінің оқушылары – Айдана Төлеухан, Нұрсезім Айбатқызы, Айару Орынбасар және Әсемай Берікке бұйырып, олар 15 мың теңге көлеміндегі сыйлықтарға ие болды. Байқау соңында жеңімпаздарды Абай Қасымұлы салтанатты түрде марапаттады.
Байқау жеңімпазы Айару Бұқарбай да өз әсерімен бөлісті:
«Бұл байқау маған үлкен тәжірибе сыйлады. Жырдан үлгі-өнеге алдым. Енді облыстық кезеңде бар күшімді салып, аудан намысын абыроймен қорғаймын», – деді.
Ал облыстық кезеңге жолдама алған Бақытбек Көшімбек:
«Бір ай ішінде көлемді жырды жаттау оңай болған жоқ. Сабақпен қатар дайындалу, сахнаға шығу – үлкен жауапкершілік. Бірақ күн сайын еңбектенудің арқасында мақсатқа жеттім. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды», – деп бөлісті.
Осындай байқаулар арқылы жас ұрпақ ұлттық мұрамен сусындап, рухани тұрғыдан байып келеді. «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы – ел болашағы саналатын жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, олардың талантын шыңдауға бағытталған маңызды бастама.

Комментарии