Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Балғындар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтты

Дата: 28.04.2026 Рубрика: Бери пример!
4
0
Балғындар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтты
Аманкелді ауданында мектеп оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан байқау өтті.
Дәстүрлі өнерді дәріптеуге бағытталған шараға жалпы білім беретін және негізгі орта мектептерден 41 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.
Байқау барысында жас жыршылар халық эпосын жатқа айтып қана қоймай, жыршылық мақамды сақтай отырып орындау шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың шығармашылық қабілеті, мәтінді меңгеру деңгейі мен сахнадағы өзін ұстауы жан-жақты сарапқа салынды.
Қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық деңгейімен қатар, жырдағы кейіпкерлердің болмысын аша білуіне, оқиға желісін түсінуіне ерекше мән берді. Сондай-ақ, жыр мәтінінде кездесетін жер-су атаулары, көнерген сөздер мен архаизмдердің мағынасын білуі де бағалау барысында ескерілді.
Байқау тартысты өтіп, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қазылар алқасы шешім қабылдауда сахна мәдениеті, дауыс ырғағының жыр сарынымен үйлесуі, сондай-ақ ұлттық аспапта сүйемелдеу шеберлігіне басымдық берді.
Нәтижесінде жеңімпаздар Аманкелді ауданы білім бөлімінің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Еркежан Ғазезқызы иеленді.
Айта кетейік, мұндай байқаулар ұлттық мұраны насихаттап, жас ұрпақтың рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!