«Тұлпар мініп, ту алған!»
Дата: 21.04.2026 Рубрика: Бери пример!
0
7
0

А.Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп қабырғасында 5-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Бұл байқау өскелең ұрпақтың халық поэзиясына, қазақтың рухани асыл мұрасына деген қызығушылығын арттыруға, оларды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталды. Сонымен қатар елдік пен ерлік рухын дәріптеп, намысшылдық, қайсарлық секілді қасиеттерді жастардың бойына сіңіруді мақсат етті.
Байқауға мектеп бойынша 43 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың арасында эпостық жырларды мүдірмей, нақышына келтіре оқығандар да, көркем мақаммен жеткізіп, актерлік қабілеттерін танытқандар да, тіпті жырды әуенге салып орындағандар да болды. Бұл – оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті.
Мектеп директоры Мейрамғали Қоңқабаев байқаудың маңызына тоқталып: «Жобаның негізгі мақсаты – қазақ ауыз әдебиетінің алтын қазығы саналатын батырлар жырын жастар арасында кеңінен насихаттау. Осы арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, жігерін жану, елдік пен ерлік, әділдік пен шыншылдық, батырлық пен жанашырлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру», – деді.
Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылардың орындау шеберлігі, сахна мәдениеті, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттері жан-жақты бағаланды. Қазылар алқасы әр қатысушыға әділ бағасын беріп, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қорытынды бойынша І орынды 10-сынып оқушысы Әмина Төлеміс иеленді. ІІ орынды 10-сынып оқушысы Жұлдыз Кәдіржан, 7-сынып оқушысы Диана Сапарғали және 5-сынып оқушысы Айшабибі Серкеш өзара бөлісті. ІІІ орынға 9-сынып оқушысы Кәусар Нұрман, 7-сынып оқушысы Айсәуле Әлібек және 6-сынып оқушысы Нұрмұханбет Демесін ие болды.
Байқау нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған Әмина Төлеміс аудандық кезеңге жолдама алды.
Гүлнара УАЛИНА, А. Қоңқабаев атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Комментарии