Қазақ әдебиетінің қанаты
Дата: 21.04.2026 Рубрика: Бери пример!
0
6
0

«Строительный» кітапхана-филиалы қабырғасында қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақстанның талантты ұлы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Тағылымы мол шараға №15 мектептің 5 «А» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы рухани дүниесін байыту. Кеш барысында кітапханашы «Талантты ұлы жазушы» атты презентацияны пайдалана отырып, қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолына кеңінен тоқталды. Оқушылар жазушының тағдырлы өмірі, шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері туралы тың мәліметтер алды.
Сондай-ақ «Жазушы Қ. Жұмаділовтің ата-анасы» атты бөлімде оның отбасы, ата-анасына қатысты деректер ұсынылып, архивтік кадрлар көрсетілді. Бұл көріністер оқушыларға жазушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен ортаны тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара аясында «Халық сүйген қаламгер» атты шағын кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда автордың шығармашылық жолын айқындайтын кітаптар мен құжаттар қойылды. Оқушылар көрме арқылы жазушы еңбектерімен жақынырақ танысып, өздеріне қажетті мәліметтер алды. Кеш соңында қатысушыларға «Қазақ әдебиетінің қанаты» атты арнайы дайындалған буклеттер таратылды.
Жиын қорытындысында оқушылар Қабдеш Жұмаділов шығармаларының бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағанын атап өтіп, оның туындылары арқылы ел тарихы мен тағдырын тереңірек түсінуге болатынын жеткізді.
Аманжол Тәңірберген, №15 мектептің 5 «А» сынып оқушысы

Комментарии