Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас дарын – болашақ үміті

Дата: 14.04.2026 Рубрика: Бери пример!
5
0
  Жас дарын – болашақ үміті
Балғынбай Сұлтан Абай ауылының негізгі орта мектебінің 3 «А» сыныбында ерекше қабілетімен көзге түсіп жүрген дарынды оқушысы.
Ол жастайынан өлеңге жақын, сөз құдіретін терең сезіне білетін талант иесі. Балғынбай Сұлтанның басты ерекшелігі – өзінің жасына қарамастан, жүрек түкпіріндегі ойларын өлең жолдары арқылы әсерлі жеткізе білуінде. Оның шығармаларында балалық тазалық, шынайылық пен нәзік сезім айқын байқалады.
Жас ақынның әрбір өлеңі оқырманын тебірентіп, жүрекке жылы әсер қалдырады. Мысалы, оның «Анашым» атты өлеңінде анаға деген шексіз махаббаты мен құрметі көрініс табады. Ал «Әкешім» өлеңінде әкенің отбасыдағы орны ерекше сипатталады. Сонымен қатар, «Ұстаз» өлеңінде ұстазға деген құрметі мен ризашылығы анық байқалады.
Сабақ барысында да Балғынбай белсенділігімен, алғырлығымен дараланып тұрады. Әдебиетке деген қызығушылығы күн сайын артып, шығармашылық қабілеті дамып келеді. Мұғалімдерінің айтуынша, ол болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушылардың бірі.
Осындай жас таланттарды қолдау – ұстаздың басты міндеті. Өйткені бүгінгі дарынды оқушы – ертеңгі ел мақтанышы. Балғынбай Сұлтанның алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, қазақ әдебиетіне өз үлесін қосатынына сенім мол.
Арина Әмірова, Абай ауылының негізгі орта мектебінің 3 «А» сыныптың жетекшісі
Қостанай ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!