Торғай топырағынан түлеген қаламгер
Дата: 14.04.2026 Рубрика: Бери пример!
0
5
0

Рудный қаласындағы мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдығына арналған «Торғай топырағынан түлеген қаламгер» атты әдеби кеш өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты ақын шығармашылығымен таныстыру, ұлттық әдебиетті насихаттау және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Әдеби кешке Рудный ақпараттық технологиялық колледжінің 2-курс студенттері, атап айтқанда «Электромонтер» тобы қатысты. Кеш барысында студенттер ақынның өнегелі өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен кеңінен танысып, оның туындыларындағы терең мазмұн мен ұлттық рухты сезіне білді. Кеш барысында ақынның сонау Торғай даласындағы Тосын құмында басталған балалық шағынан бүгінгі биік белестеріне дейінгі жолы арнайы дайындалған слайд-шоу арқылы баяндалды. Серік Тұрғынбекұлының «Жаңа өмір» газетінде басталған журналистік соқпағы, Қазақ радиосы мен телевизиясындағы жемісті жылдары туралы құнды деректерге қанықты. Әсіресе, ақынның алғашқы «Қобыз» жинағына Қадыр Мырзалиевтің ат қойып, Мұқағали Мақатаевтың ақ батасын бергені туралы естеліктер студенттерге ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара аясында қатысушыларға арналған викториналық сұрақтар қойылып, арнайы тест тапсырмалары ұсынылды. Студенттер белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, ақынның шығармалары қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Кеш барысында жастар әдебиет арқылы рухани азық алып, ақын мұрасына деген құрметтерін білдірді. Техника саласында білім алып жүрген студенттер үшін бұл шара ерекше тағылымды кездесу болды.
Мұндай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үлкен ықпал етеді.
Гүлбараш Уәлиева, Мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі

Комментарии