Сиқырлы кітаптардың ғажайып әлемі
Дата: 07.04.2026 Рубрика: Бери пример!
0
7
0

Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың алтын қазығы. Осы мақсатта облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде дәстүрлі Балалар кітап апталығы мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқырмандарға ерекше әсер сыйлады.
Апталықтың алғашқы күні «Сиқырлы кітаптардың ғажайып әлемі» атты салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Шараны кітапхана басшысы С.Алматова құттықтау сөзбен ашып, жас оқырмандарға ізгі тілегін білдірді. Мерекеде ұлттық өнеріміз ұлықталып, домбырамен күй шертіліп, қобыздың қоңыр үні көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен кітапханашылар көркем қойылым ұсынып, «Сөйлемді аяқта», «Тәтті нысана» ойындары ұйымдастырылды.
Апталықтың екінші күні ұлы ағартушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ы.Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар өздерінің көркем оқу шеберліктерін көрсетіп, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін дәлелдеді. Қазылар алқасы үздік қатысушыларды анықтап, олар алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Мерекенің үшінші күні «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби қонақжай ұйымдастырылды. Бұл күні Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты слайд көрсетілді. Сонымен қатар, тақырыптық кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Шара барысында «Кел, балалар оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» т. б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Танымдық ойын «Өлеңді жалғастыр», «Білгір оқырман» викторинасы ұйымдастырылып, балалардың белсенділігі арта түсті.
Апталықтың төртінші күні «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тақырыбымен фольклорлық мерекеге жалғасты. Бұл күні ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында асық ату, арқан тарту, қол күрес, сақина салутүрлі ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен биге ұласты.
15 наурыз – Қайырымдылық пен ізгілікке үндейтін күні болғандықтан, мереке соңында қатысушыларға ұлттық тағам түрлері, тәттілер салынған пакеттер таратылып, «Наурыз көжеден» дәм татты. Бұл шараның мақсаты – Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, бірлік пен мейірімділікті насихаттау.
Қорыта айтқанда, Балалар кітап апталығы аясында өткен бұл іс-шаралар жас ұрпақты кітап оқуға баулып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық рухта тәрбиелеуге зор үлес қосты.
Гүлнар Кенжеғазықызы, Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Комментарии