«Зарянка» халықаралық сахнада топ жарды
Дата: 07.04.2026 Рубрика: Бери пример!
0
8
0

Қостанай қаласының «Зарянка» би ұжымы Ташкент қаласында өткен «Fortuna fest Tashkent» халықаралық көпжанрлы байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел мерейін үстем етті.
26-27 наурыз күндері өткен ауқымды өнер додасына 2500-ге жуық бала қатысып, 185 нөмір ұсынды. Осындай бәсекесі жоғары байқауда Қазақстан атынан қатысқан жалғыз ұжым «Зарянка» өздерінің кәсіби шеберлігі мен сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының зор ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша ұжымның жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Ересектер санатында «Зарянка» барлық ұсынылған композицияларымен Бас жүлдені жеңіп алды. Ал орта жас ерекшелігі бойынша бір Гран-при және екі бірінші орынға ие болды. Ұжымның жан-жақты дайындығы мен шығармашылық әлеуетінің арқасында осындай жетістікке жетті.
Халықаралық деңгейдегі мұндай байқауларда топ жару зор жауапкершілік пен табандылықты талап ететіні белгілі. Қостанайлық жас бишілер сыннан сүрінбей өтіп, Қазақстанның атын абыроймен таныта білді. Олардың әрбір қимылы, сахнадағы әрбір образы ұлттық рух пен заманауи хореографияның үйлесімін көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Комментарии