Ұлт рухы – ұлттық киімде
Дата: 31.03.2026 Рубрика: Бери пример!
0
5
0

Ұлық мереке Наурыз қарсаңында Қостанай облыстық әмбебап кітапханасында «Ұлт рухы – ұлттық киімде» атты тағылымы мол этносағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына ата-бабадан қалған мұраға деген құрметті қалыптастыру. Кітапхана қабырғасында өткен бұл кеш оқырмандарға ерекше рухани әсер сыйлап, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттырды.
Кеш қонақтары – «ETNNO FASHION» креативті индустрия және этномәдениет агенттігінің негізін қалаушы әрі басшысы Сәуле Қабидолова мен «Лучшая версия себя» заманауи әйелдер клубының негізін қалаушы Әсем Тапалова қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Олар ұлттық киімнің тек сән үлгісі ғана емес, халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Шара барысында қазақтың дәстүрлі киімдерінің ерекшеліктері кеңінен таныстырылып, әрбір элементінің мән-мағынасы түсіндірілді. Қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдердің заманауи сәнмен үйлесімі, оны күнделікті өмірде насихаттаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Іс-шара ұйымдастырушысы, кітапхана қызметкері Гүлжан Байзирова:
«Кітапханада 14 наурыз – Көрісу күнінен бастап түрлі іс-шаралар өтуде. 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай осы этносағатты ұйымдастырдық. Негізгі мақсатымыз – жастарға ата-бабадан қалған ұлттық киімдер мен әшекейлерді үлгі ету. Қазіргі таңда жастардың ұлттық нақыштағы бұйымдарды күнделікті өмірде қолдана бастауы қуантады», – деді.
Кеш соңында өңір дизайнерлері ұсынған ұлттық киімдер топтамасы көрермен назарына ұсынылды. Әрбір туындыдан қазақы болмыс пен заманауи стильдің үйлесімі айқын байқалып, жиналған қауымға ерекше әсер қалдырды.
Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне арналған әсем әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй кештің сәнін кіргізді. Әуезді әуендер мен ұлттық рухқа толы атмосфера қатысушыларға мерекелік шаттық сыйлады.

Комментарии