Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Шахмат үздіктері

Дата: 31.03.2026 Рубрика: Бери пример!
6
0
Шахмат үздіктері
Қостанай қаласындағы № 31 жалпы білім беретін мектеп базасында 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы аясында шахматтан облыстық жарыстар өтті.
Аталған дода жас шахматшылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға, логикалық ойлауын жетілдіруге және салауатты бәсекелестік орта қалыптастыруға бағытталды. Екі күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.
Турнир тартысты әрі қызықты өтіп, әр партияда ойыншылар шеберлік пен сабырлылықтың үлгісін танытты. Қатысушылар қарсыластарын құрметтей отырып, әділ ойын қағидаларын сақтады.
5-6 сынып оқушылары арасында Қостанай қаласындағы физика-­математика лицейінің құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. 7-8 сынып оқушылары арасында Қостанай қаласындағы № 23 жалпы білім беретін мектептің құрама командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир – оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, шахмат спортына деген қызығушылығын нығайтқан маңызды дода болды.


 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!