Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлттық мәдени мұраны сақтап

Дата: 10.03.2026 Рубрика: Бери пример!
5
0
Ұлттық мәдени мұраны сақтап
Арқалық – арман қала, өнер мен білімнің ордасы, талай таланттың қанатын қатайтқан киелі өңір. Арқалық топырағынан түлеп ұшқан дарындар туған жерімен ғана шектелмей, республика көлемінде танылып, өнер өлкесінің абыройын асқақтатып келеді.
Өнерпаздардың табанды еңбегі – халықтың рухын көтеріп, ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосылған баға жетпес үлес.
Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жаса мәңгі, мерейлі Арқалығым!» атты көшпелі концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ауқымды мәдени шара аясында өнерпаздар А.Құнанбаев атындағы мектеп-­гимназиясы, Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі, №8 НОМ және №10 ЖББМ білім ордаларында болып, мерекелік концерт ұсынды.
Концерттік бағдарламаға аталған мектептердің «Өрімтал» үйірмесінің өнерпаз оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар ата-аналар мен ұстаздар қауымы да белсенділік танытып, жас дарындарға қолдау көрсетті. Ән мен күй, би мен көркемсөз арқылы оқушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, Арқалықтың өткені мен бүгініне тағзым етті.
Шара барысында үштік одақ – мектеп, ата-ана және оқушы бірлігі айқын көрініс тауып, біртұтас тәрбие идеясын дәріптейтін мазмұнды бастамаға айналды. Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Мерейтойлық концерт Арқалықтың рухани өміріне серпін беріп, жас ұрпақтың бойында туған елге деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін нығайтты.
Арқалық қаласы


 
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!