Мың алғыс саған…
Дата: 10.03.2026 Рубрика: Бери пример!
0
5
0

Өлеңді ауылдық кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Мың алғыс саған, кеңпейіл қазағым!» атты тарихи сағат ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Алғыс айту күнінің тарихи мән-маңызын түсіндіру, қазақ халқының кеңпейілдігі мен қонақжайлығын дәріптеу, еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында ризашылық, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Шара барысында кітапханашы мерекенің шығу тарихына кеңінен тоқталып, 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғанын атап өтті.
Қатысушылар қазақ халқының қилы кезеңдерде түрлі этнос өкілдеріне көрсеткен қамқорлығы мен бауырмалдығы туралы тың мәліметтер алып, ел бірлігі мен ынтымағының маңызын терең түсінді. Шара барысында тарихи деректер айтылып, оқырмандар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара мазмұнды өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Науырзым ауданы

Комментарии