Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тартысты ойында жүлдеге жетті

Дата: 24.02.2026 Рубрика: Бери пример!
10
0
Тартысты ойында жүлдеге жетті
Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығына орай 7–8 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысы ұйымдастырылды. Аталған дүбірлі додаға Арқалық қаласынан М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысып, тартысты ойын нәтижесінде жүлделі III орынға ие болды.
Ұлттық зияткерлік спорт түрі – тоғызқұмалақ жасөспірімдердің логикалық ойлау қабілетін дамытып, төзімділік пен шапшаң шешім қабылдауға баулиды. Осындай маңызды жарыста мектеп намысын қорғаған оқушылар жоғары дайындық деңгейін, ойын мәдениетін және жеңіске деген жігерін көрсете білді.
Команданың жетістігі – жүйелі дайындық пен табанды еңбектің нәтижесі. Жас спортшыларды жарысқа дайындаған жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Белгібаев Асылан Каненұлы шәкірттерінің бойына ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен спортқа деген сүйіспеншілікті сіңіріп келеді.
Бұл жеңіс – тек мектептің ғана емес, қаланың абыройын асқақтатқан жетістік. Егемендік мерейтойы аясында өткен жарыста жүлделі орын иелену – жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығының айқын көрінісі.
Арқалық қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!