Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас техниктің жеңісі

Дата: 17.02.2026 Рубрика: Бери пример!
5
0
Жас техниктің жеңісі
Техникалық шығармашылық пен инженерлік ойлауды дамытуға бағытталған «Teenengineers: бағдарламалаңыз және жасаңыз» облыстық жарысы жас өнертапқыштардың басын қосты. Аталған байқауда Федоров ауданындағы «Жас техник» робототехника үйірмесінің тәрбиеленушісі Тимофей Чубыкин өз білімін жоғары деңгейде дәлелдеп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Тимофей жарысқа Балалар шығармашылығы үйінің қосымша білім беру педагогы Илья Подгайныйдің жетекшілігімен қатысып, «Роботты жина» аталымы бойынша (9–12 жас санатында) бақ сынады. Қатысушылар роботты құрастыру, оны бағдарламалау және техникалық тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау қабілеті мен инженерлік дағдыларын көрсетті.
Тартысты өткен сайыста Тимофей жинақылық пен дәлдікті талап ететін тапсырмаларды сәтті орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде жас техник жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Бұл жетістік – оның табандылығы мен ұстазының кәсіби еңбегінің айқын көрінісі.
Мұндай жарыстар балалардың техникалық сауаттылығын арттырып, болашақ инженерлер мен бағдарламашыларды тәрбиелеуге зор ықпал етеді. Тимофей Чубыкиннің жетістігі – жас буынның ғылым мен технологияға деген қызығушылығының артып келе жатқанының дәлелі.
Жас жеңімпазды және оның жетекшісін лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа идеялар, шығармашылық шабыт және биік кәсіби жетістіктер тілейміз!
Федоров ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!