Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мектебім – алтын қазынам

Дата: 03.02.2026 Рубрика: Бери пример!
9
0
Мектебім – алтын қазынам
Мектеп – әрбір баланың білім алатын, болашаққа алғаш қадам басатын мекені. Мектеп әрбір баланың өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол адамды толыққанды тұлға ретінде қалыптастыруға көмектеседі.
Мен Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді жалпы білім беретін орта мектептің 4 «а» сыныбында оқып жатырмын. Мен өз мектебімді жақсы көремін, ал ұстаздарымыз болса сондай білімді, әр оқушыны білімділікке құштар ете білетін аяулы жандар.
Мен сабақ оқығанды ұнатамын. Біздің мектеп өте әдемі. Іші жылы.Мектеп біздің екінші үйіміз, сондықтан оны таза ұстаймыз.
Сыныпта 17 оқушы бар. Біз бір-бірімізбен тату-тәттіміз. Мектебімізде көптеген мұғалімдер ұстаздық етеді. Сүйікті ұстазым Нұрғалиева Айгүл Тайшығарақызы. Мен өз мұғалімімді сыйлаймын, оны жақсы көремін. Білім нәрін сеуіп, өмірдің қыр-сырын білуге танытқан ұстазыма шексіз ризамын. Оның айтқан әрбір ақыл сөзі мен үшін үлкен сабақ. Жарқын болашағымның бастауы, жігерлендіріп алға қарай жетелейді деп білемін. Сондықтан мектебім – екінші үйім. Ұстаздарым – екінші анам.
Мектептің ауласы да өте керемет. Әдемі гүлдер, ағаштар өсіп тұр. Мектептің артқы жағында балаларға арналған алаң бар. Онда түрлі спорттық ойындар, жарыстар өтіп тұрады.
Дәл осы мектептен үлкен өмірге деген баспалдақ басталады. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығамыз. Мектебім – менің мәңгілік алтын қазынам.
Дария Қонысбай, Амангелді жалпы білім беретін орта мектептің 4 «а» сынып оқушысы. Амангелді ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!