Біздің бірінші оқырман
Дата: 03.02.2026 Рубрика: Бери пример!
0
9
0

Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімі жаңа жылдың алғашқы оқырманына арналған танымдық-мерекелік іс-шара өткізді.
Осы қуанышты күнде жас оқырман ретінде №7 жалпы білім беретін мектебінің 2 «Ә» сынып оқушысы Қанатбай Арлан тіркелді. Ол 2026 жылдың алғашқы оқырманы болып келді.
Іс-шара барысында Арлан оқырмандар үшін қойылған ережелермен танысты, кітап қорындағы жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды, кітап көрмесін қарап шықты. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешіп, қызықты ойындарға белсенді қатысты. Ерекше атап өтуге тұрарлық – Арлан Абай атамыздың 40 өлеңін жатқа айтып, әдебиетке деген қызығушылығын көрсетті.
Мерекелік іс-шара соңында Арланға естелік сыйлықтар табысталды. Балаларға қызмет көрсету бөлімінде өткізілетін дәстүрлі мерекенің басты мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Арланның белсенділігі мен кітапқа деген махаббаты бізді ерекше қуантты. Ол сүйікті әдебиетін айтып, авторлары туралы ойымен бөлісті. Бірінші оқырманның алғашқы оқыған ертегілері мен мерзімді басылымдары – алғашқы қадам, ал алғашқы қадам үлкен жолдың басы екені белгілі. «Кітап – білім бұлағы» екенін түсінетін жас ұрпақтың кітаппен достығы ұзақ, мәнді әрі жемісті болады деп сенеміз.
Бұл күн үлкен қуаныш, ал бірінші оқырман үшін – ерекше есте қалатын күн! Кітапхана оқырмандары көп болсын, кітаппен достық ешқашан үзілмесін!
Жібек Нұрғалиқызы, ОӘҒК №2 балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Арқалық қаласы

Комментарии