Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қостанайлық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз

Дата: 27.01.2026 Рубрика: Бери пример!
17
0
Қостанайлық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз
Математика, физика және информатика пәндері бойынша өткен ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы дарынды оқушылардың білімін саралап, ғылымға бейімі жоғары жастарды анықтайтын беделді халықаралық додаға айналды.
Биылғы зияткерлік бәсекеде Қазақстанның әр өңірінен және шет елдерден келген үздік оқушылар бақ сынады.
Аталған олимпиадаға Қостанай лицейінің екі оқушысы – Өжентай Абзал мен Әбдіқадір Таир физика пәнінен олимпиадалық құраманың мүшелері ретінде жеке есепте қатысты. Жас физиктер өз білімдерін халықаралық деңгейде дәлелдеуге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ облыстық команданың атынан олимпиадаға қатысу үшін «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-­лицей-интернаты мен дарынды балаларға арналған «Білім-­Инновация» лицей-­интернатының жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегерлері болған 7 оқушысы іріктеліп жолдама алды.
Халықаралық олимпиада екі кезеңде ұйымдастырылды. Дәстүрге сай, барлық тапсырмалар осы олимпиада үшін арнайы әзірленген және қатысушылардың терең теориялық білімі мен логикалық ойлау қабілетін талап етті.
Қостанайлық жас физиктердің күрделі тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауы қуантады. Нәтижесінде Әбдіқадір Таир мен Өжентай Абзал үздік нәтиже көрсетіп, алтын медальдарға ие болды. Осылайша олар 2026 жылғы Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары атанды.
Айта кетерлігі, жоғары жетістігі үшін Әбдіқадір Таирге Сүлейман Демирел университетінің білім беру гранты табысталды. Бұл – оқушы еңбегінің және ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының нақты нәтижесі. Қостанай өңірінің білім саласы үшін бұл жеңіс – үлкен мақтаныш. Жас дарындардың халықаралық деңгейдегі табысы еліміздің зияткерлік әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қостанай қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!