Өнерге құштар жас талант
Дата: 27.01.2026 Рубрика: Бери пример!
0
12
0

Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы Булусбекова Адема – өнер әлемінде өз қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан дарынды жас әнші.
Жастайынан ән айтуға құштар Адема бүгінде қалалық және облыстық деңгейдегі көптеген байқауларда топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр.
Ол республикалық «Әншуақ» байқауының қатысушысы атанып, үлкен сахнада өнер көрсету арқылы тәжірибесін шыңдай білді. Сонымен қатар «Жарқын болашақ», «Дала дауысы», «Көктем әуендері», «Әсем-әнім» атты халық әндері байқауларында жеңімпаз атанып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Әнші қыздың репертуары да сан-алуан. Оның ерекшелігі көптілділігі мен орындаушылық шеберлігінде. Ол қазақ, орыс, украин және ағылшын тілдерінде ән шырқап, әр ұлттың музыкалық мәдениетін терең сезіне отырып, көрерменге жеткізе біледі. Әнді жан-тәнімен сезініп, сахнада еркін әрі сенімді өнер көрсетуі – оның басты артықшылықтарының бірі.
Болашағынан зор үміт күттіретін жас талант 9-сыныпты аяқтағаннан кейін кәсіби музыкалық білім алып, өнер жолын жалғастыруды мақсат етеді. Адема үшін ән – тек хобби емес, жүрек қалауы мен өмірлік таңдауы. Оның талпынысы мен табандылығы алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жететініне сенім мол.
Өнерлі өреннің шығармашылық жолы жас буынға үлгі болып, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне өз үлесін қосары сөзсіз. Ұстазы Гүлсая Тажина жас талаптың жолын ашып, жол көрсетіп жүр.
Рудный қаласы

Комментарии