Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнер додасында оза шапты

Дата: 20.01.2026 Рубрика: Бери пример!
22
0
Өнер додасында оза шапты
Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Таубалды Нұржайна облыстық деңгейде өткен «Дала дауысы» вокалдық байқауында жоғары шеберлігімен көзге түсіп, жүлделі І орынды иеленді.
Өнер додасында жас орындаушының әуезді үні, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Нұржайна – кішкентайынан өнерге жақын, вокалдық өнерді ерекше сүйіп, жүйелі түрде айналысып келе жатқан талапты шәкірт. Ол бұған дейін де түрлі аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген дарынды балалардың бірі. Әрбір байқауда ол өз мүмкіндігін барынша көрсетіп, тыңғылықты дайындық пен табандылықтың нәтижесінде озат атанып келеді.
«Дала дауысы» байқауында Нұржайна қазақ ән өнерінің көркем үлгілерін нақышына келтіре орындап, ұлттық әуеннің тереңдігін, әннің мазмұнын тыңдарманға шынайы жеткізе білді. Оның сахнадағы сенімді қадамы мен таза да анық үні көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жас өнерпаздың жетістігі – ұстаздарының еңбегі мен ата-анасының қолдауының нәтижесі екені сөзсіз. Балалар музыка мектебінде алған білімі мен үздіксіз еңбегі Нұржайнаның шығармашылық жолында жаңа белестерді бағындыруына жол ашып отыр.
Өнерлі өреннің бұл жеңісі – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің абыройын асқақтатқан үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да Нұржайнаға биік белестерді бағындырып, өнер көгінде жарқырай беруіне тілектеспіз.
Арқалық қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!