Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Жүрекке жақын әндері»

Дата: 13.01.2026 Рубрика: Бери пример!
7
0
 «Жүрекке жақын әндері»
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Жұмекен Нәжмеденовтің туғанына 100 жыл толуына орай Аманкелді ауданы Байғабыл ауылдық кітапханасында 5-сынып оқушыларына арналған «Жүрекке жақын әндері» атты танымдық әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды Жұмекен Нәжмеденовтің өмір жолымен және шығармашылық мұрасымен кеңінен таныстырды. Ақынның балалық шағы, білім алған жылдары, әдебиетке келу жолы, қазақ поэзиясындағы орны туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Жұмекен Нәжмеденов 1935 жылғы 28 қарашада Ақтөбе облысында дүниеге келген. Оның шығармашылығы ХХ ғасырдың орта кезеңінен бастап кеңінен танылып, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленді.
Кеш барысында ақын өлеңдерінің мазмұнына, тақырыптық ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды. Жұмекен Нәжмеденов өз шығармаларында адам мен қоғам арасындағы байланыс, туған жерге деген сүйіспеншілік, ел мен жер тағдыры, Отанға адал қызмет ету, бірлік пен татулық мәселелерін терең толғаған. Ақын поэзиясы шынайылығымен, терең философиялық ойларымен және адам жүрегінің нәзік сезімдерін бейнелей білуімен құнды.
Сонымен қатар іс-шарада Жұмекен Нәжмеденовтің әнге айналған өлеңдері туралы да айтылып, оның шығармаларының халық жүрегінен орын алғаны атап өтілді. Ақын сөзіне жазылған әндер ұлттық рухты көтеріп, отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға ықпал еткен рухани қазына ретінде бағаланды. Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, шығармаларға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Әдеби кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, көрнекті тұлғалардың шығармашылығы арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Аталған шара «Оқитын ұлт» идеясы аясында жүзеге асып, мектеп оқушыларының кітап оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды кездесулердің бірі ретінде жоғары деңгейде өтті.
Аманкелді ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!