ҰБТ-ға дайындық өзгеше форматта
Дата: 13.01.2026 Рубрика: Бери пример!
0
14
0

Рудный қаласында «Білім квадраты: Сөз және Сан» жобасы өтіп тұрады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты тек дәстүрлі әдістермен шектеу міндетті емес.
«Сан мен сөз» жобасы ай сайын өтетін командалық ойындар арқылы дайындалу мүмкіндігін ұсынды. Себебі ойын – стресссіз оқу, ал бірге ойнау – бірге даму.
«Дәстүрден жаңылмай, оқушылармен жұмысты қызықты әрі тиімді етудің жаңа жолдары іздестірілді. Әдістемелік тұрғыдан үнемі даму үстіндеміз. Алайда биылғы жұмыстың басты ерекшелігі – түлектер арасындағы бейресми қарым-қатынасқа ерекше мән беру болды. Осы идеяның нәтижесінде «Сан мен сөз» атты зияткерлік сайыс дүниеге келді. Бұл – жай ғана жарыс емес. Бұл – ойлау, сөз саптау және команда рухы тоғысқан білім алаңы», – дейді Қымбат Бірманова ханым.
Мұндай формат, оқушылардың өзіне деген сенімін арттырады, жағымды эмоция сыйлайды, пәнге деген қызығушылықты күшейтеді және ынтымақтастық пен еркін ойлауды дамытады.
Командалық жұмыс барысында оқушылар бір-біріне сенім артып, жаңа идеяларды батыл ұсына бастайды. Бұл тәжірибе тек сыныппен шектелмей, мектеп қабырғасынан асып, білім көкжиегін кеңейтуге, оқушыларды шабыттандыруға жол ашады.
Жобаның басты ерекшелігі – жоспар құру үдерісінің оқушыдан басталуында. Алдымен оқушылардың ұсыныстары ескеріледі, кейін ұстаздардың кәсіби көзқарасы қосылады. Нәтижесінде мұғалімдердің тәжірибесі, оқушылардың сұранысы мен батыл идеялар бірігіп, ерекше форматтағы жұмыс жоспары қалыптасады.
Оқу сауаттылығы туралы көп айтылады. Ал бұл жоба оның теорияда емес, тәжірибеде қалай жүзеге асатынын көрсетті. Оқушылар оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды таңдауды, тіпті өздері құрастыруды үйренеді. Тапсырмалар пәндермен кіріктіріліп беріледі.
Жоба аясында тек үйреншікті мәтіндермен шектелмей, ғылыми мақалалар, ұлттық құндылықтар, өнегелі сөздер математикалық ойлау жүйесімен ұштастырылады. Нәтижесінде мәтін – ойынға, тапсырма – жарысқа, ал сабақ – өмірлік тәжірибеге айналады.
Рудный қаласы

Комментарии