Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қажымұқан дәстүрін жалғаған палуан

Дата: 23.12.2025 Рубрика: Бери пример!
18
0
Қажымұқан дәстүрін жалғаған палуан
«Туған жеріңе туыңды тік!» деген тағылымды сөз әр азамат үшін өмірлік ұстанымға айналуы тиіс. Туған ауылынан бастап ел абыройын асқақтатқан тұлғаларды үлгі ету рухани тәрбиенің маңызды бағыты. Осындай өнегелі өмір иелерінің бірі Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылының тумасы Орынбай Сейдіғаламұлы Сейдіғаламов.
1945 жылдың 24 ақпанында дүниеге келген Орынбай Сейдіғаламов күш-қуат пен күрес өнері дарыған отбасында тәрбиеленді. Анасы Балжан облыс көлемінде танылған палуан, әкесі Сейдіғалам да белдесу өнерімен аты шыққан азамат болған. Орынбай ата өзінің Қажымұқан Мұңайтпасовпен бір атадан тарайтынын әрдайым мақтанышпен айтып, бұл туыстықты үлкен жауапкершілік деп білді.
Жас кезінен еңбек пен спортты қатар ұстанған ол Жаңаауыл орта мектебін тәмамдаған соң, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. СПТУ-да тракторшы-­комбайнер мамандығын меңгеріп жүріп те спорттан қол үзген жоқ. Арнайы жаттығу залы болмағанына қарамастан, Торғай өзенінің жағасында белдесіп, 17 жасында-ақ «түйе палуан» атанды.
Орынбай Сейдіғаламовтың спорттағы жетістіктері айрықша. 1966 жылы Семей қаласында қазақ күресінен чемпион атанса, 1971 жылы Шымкентте жүлделі екінші орын иеленді. 1973 жылы Арқалықта өткен жарыста топ жарып, қазақ күресінен спорт шебері атанды. Кейін дзюдо бойынша да жоғары нәтижелер көрсетіп, 1980 жылы КСРО спорт шеберінің нормативін орындады. Ол республикалық әрі халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғады.
Палуанның еңбегі «Қазақстан дене тәрбиесі мен спортына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Құрмет белгісі», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Орынбай ата «Туған жеріңе туыңды тік» ұранын туған ауылына адал қызмет ету, жастарды тәрбиелеу деп түсінеді. Жас ұрпаққа ол ең алдымен тарихты білуге, еңбекқор болуға және спортпен айналысуға кеңес береді.
Орынбай Сейдіғаламовтың өмір жолы – туған жерге адалдықтың, отбасылық дәстүр мен елге қызмет етудің жарқын үлгісі.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!