Қос өреннің жеңісі, Дубайға жолдама
Дата: 23.12.2025 Рубрика: Бери пример!
0
33
0

Рудныйлық қос өрен Никита Дерксон мен Злата Криулько «Жұлдыз болғым келеді» республикалық вокалдық байқауында Бас жүлдені иеленіп, Дубай қаласына жолдама алды.
Елордада Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталған «Жұлдыз болғым келеді» республикалық вокалдық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау елімізде алғаш рет ұйымдастырылып, жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған маңызды алаңға айналды.
Аталмыш жоба балалардың арманына қанат бітіріп, олардың үлкен сахнада өнер көрсетуіне мүмкіндік берген тағылымды бастама. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 40-тан астам дарынды жас вокалист қатысып, барлығы да өңірлік іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, елорда төрінде өткен финалға жолдама алды.
Көптеген қатысушылар үшін бұл байқау үлкен сахнадағы алғашқы қадам әрі елордаға алғаш рет сапар шегуімен ерекшеленді. Осы орайда ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.
«Бұл – жас таланттардың қабілетін ашып, олардың жұлдызын жарқыратып, адамдарға қуаныш сыйлауға бағытталған ерекше бастама. Біз балалардың шығармашылық әлеуетін қолдауға арналған жобаларды әрдайым қуана қолдаймыз, – деген еді ол.
Салтанатты шараның шарықтау шегі гала-концертпен аяқталды. Финалға өткен жас өнерпаздар өздерінің вокалдық шеберлігін паш етіп, көрермен ықыласына бөленді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Соло» және «Дуэт» номинациялары бойынша, сондай-ақ жас ерекшелігіне қарай орта және жоғары санаттарда анықталды. Марапаттарды ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жоба серіктестері және «El Umiti» корпоративтік қорының өкілдері табыс етті.
Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар ұсынылса, байқаудың басты жүлдесі – Гран При иегерлері Дубай қаласына жолдамаға ие болды.Осы жеңімпаздардың ішінде біздің Никита мен Злата да бар.
Айта кетейік, келесі жылы «Жұлдыз болғым келеді» жобасын кеңейтіп, оған «Хореография» бағытын қосу жоспарлануда. Бұл жаңашыл қадам тағы да көптеген жас дарынға өз өнерін көрсетуге жол ашпақ.
Рудный қаласы

Комментарии