Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Елі үшін жаралған жан еді»

Дата: 16.12.2025 Рубрика: Бери пример!
8
0
«Елі үшін жаралған жан еді»
Биыл қазақтың көрнекті ағартушысы, жазушысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толып отыр.
Осы мерейтой аясында Амантоғай ауылдық кітапханасында «Елі үшін жаралған жан еді»атты тақырыппен тарихи сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиеті мен тарихында өшпес із қалдырған Алаш қайраткері, ақын, жазушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылығын оқушыларға таныту, жас ұрпақты елін сүюге, ұлттық рухты бағалауға тәрбиелеу.
Міржақып Дулатұлы – қазақ ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан тұлға. Ол «Оян, қазақ!» еңбегі арқылы елді білімге, бірлікке, жаңашылдыққа шақырды. Сонымен қатар қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде ұлттық әдебиеттің қалыптасуына елеулі үлес қосты.
Аталмыш іс-шарада кітапханашы Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді. Сонымен қатар кітап көрмедегі Міржақып Дулатовтың шығармаларымен, тарихи деректермен бөлісті. Тарихи кешке Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Түсіпбекова Айнұр Ахметбекқызы және 8 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мазмұны мен рухы оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
Ұлт мүддесі үшін еңбек еткен Міржақып Дулатұлының мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін құндылыққа толы рухани байлық.
Айнұр Теміржанқызы, Амантоғай ауылдық кітапханашысы. Амангелді ауданы


 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!