«Тентектер» командасы фестивальде топ жарды
Дата: 09.12.2025 Рубрика: Бери пример!
0
7
0

Астана қаласында ұйымдастырылған «JUNIOR CUP» республикалық Жайдарман фестивалінде Қостанай облысы «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығының «Тентектер» командасы жоғары өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Ойынның тартысты кезеңдерінде тапқырлық танытқан жас жайдарманшылар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңіс кубогы мен арнайы марапатты «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті, белгілі жайдарманшы Есен Елеукен салтанатты түрде команда мүшелеріне табыстады. Бұл – өңірдің жас таланттарының республикалық деңгейдегі үлкен жетістігі.
Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен жүздеген қатысушы жиналып, өзара тапқырлық пен көңілді сайысқа түсті. Қатысушылар арасындағы бәсеке жоғары болғанына қарамастан, «Тентектер» командасы ойынды жоғары деңгейде өткізіп, өзгелерден оқ бойы озық шықты.
«Жас Ұлан» БЖО ұжымы жас жайдарманшылардың бұл жеңісін үлкен мақтанышпен атап өтіп, шығармашылық қолдауды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Республикалық додадағы бұл жеңіс – «Тентектер» командасының шығармашылық жолындағы жаңа белесі. Жас әзілкештердің алда да талай биіктерді бағындыратынына сенім мол.
Арқалық қаласы

Комментарии