«Дала дауысы» байқауының үздіктері анықталды
Дата: 09.12.2025 Рубрика: Бери пример!
0
8
0

Аманкелді ауданында «Дала дауысы» облыстық вокалдық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға А.Нұрманов атындағы мектеп, Ж.Сабыржанұлы мектебі, «Рассвет», Н.Мейірманов атындағы білім ордасы, Жаңа ауыл, Амантоғай, Боранбаев Қарынсалды мектебі, Амангелді орта мектебі және Музыка мектебінің оқушылары қатысып, барлығы 24 жас өнерпаз өз өнерін ортаға салды.
Конкурс 6–9, 10–13 және 14–16 жас аралығындағы үш топ бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар екі кезеңде өнер көрсетті: алғашқы кезеңде қазақ әндері орындалса, екінші кезең шетел репертуарына арналды. Әрбір қатысушы дауыс мүмкіндігін, сахналық мәдениетін және әнді орындау шеберлігін барынша көрсетуге тырысты.
Қазылар алқасының шешімімен үздіктер төмендегідей анықталды:
Бас жүлде иегерлері Кіші топ бойынша:
– Серік Көзайым (Ә.Боранбаев мектебі)
Жетекшісі: Ізтілеуова Роза Орта топ бойынша:
– Жұмаш Аяулым (Музыка мектебі)
Жетекшісі: Шегембаев Руслан
Жоғары топ бойынша:
– «Жаңа ауыл» мектебінің триосы:
Дүйсенбай Кәусар, Қасымхан Әмина, Ахметбекова Жібек
Гран-при иегері атанды.
Жас өнерпаздардың өнері қазылар тарапынан жоғары бағаланып, көрерменнің ықыласына бөленді. Байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздары енді 11 желтоқсан күні Қостанай қаласында өтетін облыстық «Дала дауысы» конкурсында Аманкелді ауданының намысын қорғап, бағы мен бабын сынамақ.
Серік Айша, оқушы Аманкелді ауданы

Комментарии