Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Мәриям оқулары» байқауы өтті

Дата: 09.12.2025 Рубрика: Бери пример!
7
0
«Мәриям оқулары» байқауы өтті
Қаламызда қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың 120 жылдығы құрметіне арналған қалалық «Мәриям оқулары» байқауы ұйымдастырылды.
Бұл шара ұлттық әдебиетке үлес қосқан ұлы ақынның шығармашылығын жастарға дәріптеуге, олардың әдеби талғамын қалыптастыруға бағытталған.
Мәриям Хәкімжанова – қазақ поэзиясына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның поэзиясы ұрпаққа рухани азық беріп, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Ақынның шығармашылығы арқылы жас таланттар өнердің биік белестеріне жетуге ынталандырылады.
Байқауға 7–11 сынып оқушылары қатысып, өздерін екі бағыт бойынша сынады. «Білімдіден шыққан сөз» – М. Хәкімжанова шығармаларын жатқа оқу және «Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы» – ақынға арнау өлеңдерін орындау. Барлығы 27 оқушы байқауға қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
«Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы» бағыты бойынша он бір оқушы бақ сынап:
 №20 мектептің оқушысы Жанибекова Лаура,
 №9 мектептің оқушысы Тапаев Қожабек
 №2 мектеп-­лицейінің оқушысы Колесникова Дарья
Сондай-ақ сегіз оқушы екінші және үшінші орындарды бөлісті.
«Білімдіден шыққан сөз» бағыты бойынша он алты оқушы сынға түсті. Жетістіктері:
 №18 мектеп-­гимназиясының оқушысы Мендыбаева Сабина
№25 негізгі орта мектебінің оқушысы Тулегенова Дильноз
 №20 мектептің оқушысы Марат Айдос
Осы бағытта он екі оқушы екінші және үшінші орындарға ие болды.
«Мәриям оқулары» – жас ұрпақты әдебиетке жақындататын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашатын маңызды шара. Байқауға қатысушылар бойындағы шабыт, болашақта жаңа шығармашылық жетістіктерге жетелейді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!